«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРЫЗ КЕШІРІЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 26 маусымдағы Жарлығына сәйкес несиелік борыш жүктемесін азайту 5 санаттағы азаматтар үшін қарастырылып отыр. Олар: 

1) көпбалалы отбасылар (кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар, орта, техникалық және кәсіптік немесе жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын кәмелеттік жастан асқан, бірақ 23 жасқа толмаған балалары бар отбасылар); 

2) мүгедек балалары бар отбасылар, бала кезінен мүгедектігі бар 18 жастан асқан азаматтар;
3) жалғыз асыраушысынан айырылған отбасылар;
4) атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
5) кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған 29 жасқа толмаған жетім балалар.
Борыш жүктемесін азайту шарттары:
– кепілсіз тұтынушылық қарыздар ғана қарастырылады (кепілге немесе бизнесті дамыту үшін алынған кредиттер қарастырылмайды);
– мемлекет негізгі қарызды және ол бойынша есептелген сыйақыны жалпы мөлшері 300 мың теңгеге дейін өтейді (қарыз мөлшері 300 мың теңгеден асатын адамдарға, олардың борышының бір бөлігі 300 мың теңге мөлшерінде өтеледі);
– жалпы берешек үстіміздегі жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 3 млн. теңгеден аспауы тиіс;
– кредит банкте немесе микроқаржы ұйымында ресімделуі тиіс (коллекторлық компанияларға берілген қарыздар өтелуге жатпайды).
Жоғарыда көрсетілген санаттағы азаматтардың тізімі орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде жасалды. Кейін тізім ҚР Ұлттық банкіне және Мемлекеттік кредиттік бюроға берілді. Ұлттық банк өз кезегінде кепілсіз тұтынушылық несиесі жоқ, жалпы қарызы 3 млн. теңгеден асатын, қарыздары коллекторлық ұйымдарға берілген адамдарды тізімнен алып тастады.
Мемлекет тарапынан ұйымдастырылған акция бірреттік сипатқа ие. Борыш жүктемесін өтеу қазақстандықтардың кредиттік тарихына кері әсерін тигізбейді. Қарыз жүктемесінің азаюына үміттенген азаматтар өз мәртебесін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсынан тексере алады. Ол үшін http://www. enbek.gov.kz/ru/node/363149 сілтемесіне кіріп, ЖСН-ін енгізу және арнайы сұрау жіберу жеткілікті. Ақпарат дереу көрсетіледі. Сонымен қатар “Электронды үкімет” порталындағы “Борыш жүктемесін азайтуға арналған бағдарламаға қатысу мәртебесін тексеру” қызметін қолдана отырып, қарызды өтеуге жүгінетін азаматтардың тізімге енгененбегені туралы білуге болады. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет. Жарлық пен Ұлттық банкінің талаптарына сәйкес келуі тиіс азаматтардың тізімге алынбауына орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәртебесі туралы деректердің болмауы себеп. Мәселен, АХАЖ акт жазбаларында неке немесе балалардың тууы туралы мәліметтер жиі болмай шығады. Сондықтан тұрғындар АХАЖ бөліміне жүгініп, өз құжаттарын сәйкестендіруі тиіс.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында жұмыс істейтін 111 Call-орталығының мамандары азаматтарға борыш жүктемесін азайтуға қатысты сұрақтар бойынша кеңес береді. Ал мемлекет есебінен несие берешегін өтеу мүмкіндігі туралы кеңесті облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, “Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры” АҚы филиалына (тел.: 39-00-25), Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыстық департаментіне хабарласу арқылы алуға болады (тел.: 42-40-28, 39-55-42).
Еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.

 

Сурет http://lira-audit.kz сайтынан алынды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp