Облыс құрамасы Ақтөбе қаласында өтіп жатқан V паралимпиялық ойындарда үздіктер қатарынан көріне білді. Отыз бес жерлесіміз қоржынға 15 алтын, 15 күміс және 4 қола медаль салды.
Петропавл қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған “Үміт” спорт клубының директоры Вячеслав Латышевтың айтуынша, солтүстікқазақстандық спортшылар дайындықтарының жоғары екенін дәлелдеді. Өңір намысын қорғаған спортшылардың ішінде, әсіресе, Сергей Усольцевті (3 алтын), Иван Залезнякті (2 алтын, 1 күміс), Дмитрий Клеевті (3 алтын), Глеб Голубьті (1 алтын) және Болат Смағұловты (1 алтын) атап айтуға болады.
Сөйтіп, жеңілатлеттеріміз жалпыкомандалық есепте үшінші орынға табан тіреді.