«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.09.2019

ТІЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

  22 қыркүйек – Қазақстан халқының Тілдері күні мерекесі. Осы орайда Петропавл қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының coworking орталығында “Тіл байлығы – ой байлығы” атты зияткерлік-танымдық ойын өтті. Оған қаламыздағы №7 орта мектептің 40-қа жуық оқушысы қатысты.  Шара барысында қатысушылар үш командаға бөлініп, жұмбақтарды шешіп, жасырылған сөзді үш тілде айтылуына, өздерінің …

ТІЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛДЫ Read More »

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛДЫ

  Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өңірде азаматтық қорғаныс мәселелерімен айналысатын ұйымдар және кәсіпорындардың мамандарына арналған дәріс оқылды.  Шара барысында тыңдаушылардың аталмыш саладағы заңдар мен ережелердің теориялық білімдеріне баса назар аударылды. Дәлірек айтқанда, қатысушыларға Қазақстан Республикасының “Азаматтық қорғаныс туралы” Заңы толығымен түсіндірілді. Сонымен қатар дәрісте төтенше жағдай кезінде әрбір тұрғынның және азаматтық қорғаныс мамандарының іс-әрекеттері …

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛДЫ Read More »

ЕКІ ЖҮЗ ҮЙ ЖАРЫҚСЫЗ ҚАЛДЫ

  Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде өңірдегі кешегі дауылға қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Шара барысында сөз алған “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының директоры Қымбат Мерғалымованың айтуынша, дауылдың тұруына Ресейден келген циклон себеп болған.  – Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа көшкен атмосфералық ағын салдарынан облыста найзағай ойнап, дауыл тұрды. Бүгін түнде Тайынша мен Тимирязев аудандарындағы метеостанцияларда жылдамдығы секундына 30 …

ЕКІ ЖҮЗ ҮЙ ЖАРЫҚСЫЗ ҚАЛДЫ Read More »

ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі мекемесінде «Өрт сөндіру бөлімі бастығының үздік орынбасары» атты байқау өтті. Шараның басты мақсаты – өрт сөндірушілерді ынталандырып, кәсіби біліктілігін арттыру, өрт сөндіру және өзге де төтенше жағдайларды жою тактикасының тиімділігін жетілдіре түсу.

ІЛЕСПЕ АУДАРМАНЫҢ ДАҒДЫЛАРЫН ҮЙРЕНДІ

  Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Қазақстан халқы тілдерінің XXI фестивалі аясында “Ілеспе аударманы оқыту, тіл мәдениетін жетілдіру” атты кеңес өтті.  Тіл білімі мамандары мен аудармашылардың басын қосқан ауқымды шараға белгілі аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы қоғамдық келісім мекемесінің қызметкері Камал Әлпейісова қатысты. Кеңес барысында ол қатысушыларға аудармашылардың біліктілігін арттыру, ілеспе …

ІЛЕСПЕ АУДАРМАНЫҢ ДАҒДЫЛАРЫН ҮЙРЕНДІ Read More »

ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері Петропавл қаласындағы Тимирязев көшесі, 16 мекенжайында орналасқан «Транснефть-Урал» ААҚ-ның Петропавлағы филиалының мұнай өнімдерін сақтау және тасу нысанында шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық жаттығу өткізді.

НҰРҚОЖА ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ

Нұр-Сұлтан қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты өтуде. Осы додада әлемнің жүзден астам мемлекетінен келген балуандар өздерінің салмақ дәрежелері бойынша өткен жекпе-жектерде кіл мықтыны анықтауда.

ҚЫРДАҒЫ ЕҢБЕК ҚЫЗҒАН ШАҚ

Биылғы орақ науқаны ауа райының өте күрделі жағдайында жүргізіліп жатыр. Соның өзінде облыс диқандары қолайлы сәтті қалт жібермей, маңдай термен өсірілген астықты қамбаға құйып алу үшін бар күш-жігерін жұмылдыруда.

КЕДЕРГІЛЕР БОЛМАУЫ ТИІС

Жұма күні облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен  Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі  Серік Жұманғариннің   қатысуымен көшпелі отырыс өтті.  Отырыс барысында  одақтас елдермен сауда-саттық саласында  туындап отырған  түйінді мәселелер әңгіме өзегіне айналды.

EСКЕРТУ

  Құрметті солтүстікқазақстандықтар!  “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 21 қыркүйек күні өңір аумағында оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күні жауын жауып, ауа райы 1-3 градусқа дейін суытады деп күтілуде. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік …

EСКЕРТУ Read More »

БАС ПРОКУРАТУРА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Берік Асылов заңсыз наразылық акцияларын өткізетіндер қандай жауапкершілікке тартылатынын түсіндірді.

ҚАРА ОТЫН ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ

Биыл облысымызда жылыту маусымы қыркүйек айының 20-нан басталды. Алты ай қыста от жағып, үй жылыту үшін облыс халқына 385 мың тонна көмір қажет. Қазір оның 212 мың тоннасы жеткізіліп, тұрғындар қысқы отынмен 55 пайызға қамтылып отыр.

ҮЗДІК САЙТТАР АНЫҚТАЛАДЫ

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры үздік қазақтілді интернет-сайтты анықтау бойынша байқауға өтінімдерді қабылдауды бастады. 

ГРЕКИЯДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ

Тамыз айында Грекияның астанасы Афина қаласында “Кітапханалар: өзгерістерге арналған диалог” атты кітапханашылардың дүниежүзілік конгресі өткен болатын. Оған 140 елден үш мыңнан астам делегат қатысты. Қазақстандық делегация құрамына енген біздің өңірдің кітапханашылары әлемнің түпкір-түпкірінен келген әріптестерінің алдында озық тәжірибелерімен бөлісіп, осы салаға қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНА ЕКІ ЖОЛДАМА БАР

  Күрес түрлерінен ұлттық құраманың капитаны Дәулет Ниязбеков Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты.  65 килограмм салмақта өнер көрсеткен балуан бірінші айналымды Қытай елінің спортшысы Чан Ю-Суюанмен белдесіп, 10:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алған ол германиялық Александр Семисоровтан 12:7 есебімен басым түсті. Ширек финалда моңғолиялық Тимур Очиромен …

ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНА ЕКІ ЖОЛДАМА БАР Read More »

ЖОЛСЕРІКТЕР ЗАҢДЫ БҰЗУДА

Өңірімізде темір жол пойыздарына билеттерді кассалардан сатып алмай, жолсеріктер арқылы сапарға аттанатын адамдар бар. Осы келеңсіздіктер “Қызылжар – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Оған қоғам белсенділерімен қоса көлік бақылау инспекциясының, Оңтүстік-Орал темір жолының, желілік полиция бөлімнің өкілдері қатысты. Облыстағы арнайы мониторингтік топтың басшысы Александр Бодуновскийдің айтуынша, 13 қыркүйек күні жергілікті темір …

ЖОЛСЕРІКТЕР ЗАҢДЫ БҰЗУДА Read More »

«МӘҢГІЛІК ЕЛ – МӘҢГІЛІК ТІЛ»

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде мерекелік шара өтті.  Студенттер Тілдер күні мен ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған шараның тақырыбын  «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» деп атап, жазушының шығармаларын, орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде оқыды. 

ОҢАЙ ОЛЖАҒА ДӘНІККЕНДЕР

Жамбыл ауданындағы Баян ауылының тұрғындары таңертең жылқы қораларының бос екенін байқаған. 24 жануардың 15-і жақын маңнан табылса, қалғаны ұшты-күйлі жоқ. Шығын көлемі 2,6 млн. теңгені құрайды.