Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өңірде азаматтық қорғаныс мәселелерімен айналысатын ұйымдар және кәсіпорындардың мамандарына арналған дәріс оқылды.
Шара барысында тыңдаушылардың аталмыш саладағы заңдар мен ережелердің теориялық білімдеріне баса назар аударылды. Дәлірек айтқанда, қатысушыларға Қазақстан Республикасының “Азаматтық қорғаныс туралы” Заңы толығымен түсіндірілді. Сонымен қатар дәрісте төтенше жағдай кезінде әрбір тұрғынның және азаматтық қорғаныс мамандарының іс-әрекеттері туралы айтылды. Тыңдаушылар жұмысы азаматтық қорғаныс саласымен байланысты ұйымдар және кәсіпорындар қызметкерлерін оқытудың, апаттық жағдайлардың алдын алу үшін жаттығулар жасаудың және кешенді оқу жиындарына қатысудың тәртібінен хабардар етілді.
Шара аясында Петропавл қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың азаматтық қорғаныс тобының офицері А.Боромбаев тыңдаушыларға газқағарды және жалпы әскери қорғаныс киімін киюдің тәрбібін үйретті.
Осы шараға қатысқан адамдардың азаматтық қорғаныс саласындағы білімдерін кеңейтіп, жетілдіру мақсатында Петропавл гидроторабында шара өтті. Айта кетерлік жайт, психологиялық және медициналық дайындық бойынша тәжірибелік жаттығулар тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды.
Сурет http://sqo.emer.gov.kz сайтынан алынды.