«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАС ПРОКУРАТУРА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Берік Асылов заңсыз наразылық акцияларын өткізетіндер қандай жауапкершілікке тартылатынын түсіндірді.

«Әлеуметтік желілерде тыйым салынған және экстремисттік деп танылған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» ұйым тарапынан 2019 жылғы 21 қыркүйекте заңсыз наразылық акцияларын өткізуге және оған қатысуға шақыру таратылуда. Деструктивті күштер әлеуметтік қолдау шаралары, мемлекетаралық қатынастар туралы жалған ақпарат тарата отырып, халықты адастырып тәртіпсіздіктерді, әлеуметтік және ұлттық араздықты тудыру арқылы қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Мұндай әрекеттерге заңмен тыйым салынған, сондықтан құқық қорғау органдары заң бұзушыларға заңмен белгіленген тәртіпте қатаң шаралар қолданатын болады», – делінген Б. Асыловтың үндеуінде. Осы орайда, Бас прокуратура құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңсыз әрекеттерге жол бермеу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында Қылмыстық кодексте жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. 174-бапта әлеуметтік, ұлттық, діни араздықты қоздырғаны үшін, сондай-ақ оларды насихаттайтын материалдарды дайындағаны, таратқаны үшін (егер олар ауыр зардаптарға әкеп соқса, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру мүмкін); 400-бапта азаматтардың, ұйымдардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіргені үшін (200 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 50 күнге дейін қамауға алу); Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 488-бабында бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. «Құрметті азаматтар, Бас прокуратура сонымен бірге экстремистік ұйымның қызметіне қатысу және қаржыландыру Қылмыстық кодекстің 182, 258 және 405-баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтыратынын түсіндіреді: 405-бапта экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін (2 жылға дейін бас бостандығынан айыру); 158-бапта экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның қызметіне қатысу үшін (мүлкін тәркілеумен 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру); 258-бапта террористік немесе экстремистік әрекетке дем берушілік және терроризм мен экстремизмнің басқа да жолдарын қаржыландыру үшін (мүлкі тәркіленіп 12 жылға дейін)», – делінген таратылған хабарламада.

www.inform.kz 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp