Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде мерекелік шара өтті. Студенттер Тілдер күні мен ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған шараның тақырыбын «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» деп атап, жазушының шығармаларын, орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде оқыды.
Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде бүгінде бір мыңнан астам студент білім алып жүр. Болашақ мамандарды оқытуда лингвистикаға көп мән беріледі. Тілдерді дамытуға үлес қосқан, білім ордасының қоғамдық өміріне белсене атсалысқан студенттер мен оқытушылар мерекеге орай грамоталармен марапатталды.
Қыз-жігіттерді тілдер мерекесімен құттықтау үшін ақын Марал Оспанова да келді. Бала кезден Абайдың шығармаларын оқып өскен ол студенттердің орындауындағы өлеңдерін сүйсіне тыңдады.