Нұр-Сұлтан қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты өтуде. Осы додада әлемнің жүзден астам мемлекетінен келген балуандар өздерінің салмақ дәрежелері бойынша өткен жекпе-жектерде кіл мықтыны анықтауда.
20 жастағы жерлес спортшымыз, болашағынан зор үміт күттіретін жастарымыздың бірі – Нұрқожа Қайпанов бәсі биік жарыстың 1/8 кезеңінде 30 секундтың ішінде Австралияның балуаны Джошуа Райлиді 10:0 есебімен, яғни айқын басымдықпен жеңді. Чемпионаттың ширек финалында да солтүстікқазақстандық сайыпқыран Ұлыбритания елінің намысын қорғаған Николае Коджокарумен бозкілемнің үстіне шығып, дәл осындай есеппен тізе бүктірді. Осылайша ол чемпионаттың жартылай финалына жолдама алды. Доданың ақтық кезеңіне жолдама алу үшін Нұрқожа ирандық балуан Йонес Аликбар Эмамичогоемен белдесетін болады.
http://vesti.kz