Күрес түрлерінен ұлттық құраманың капитаны Дәулет Ниязбеков Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты.
65 килограмм салмақта өнер көрсеткен балуан бірінші айналымды Қытай елінің спортшысы Чан Ю-Суюанмен белдесіп, 10:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алған ол германиялық Александр Семисоровтан 12:7 есебімен басым түсті. Ширек финалда моңғолиялық Тимур Очиромен кездесіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ал жартылай финалда әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы, үндістандық Бажранг Пуниядан айласын асырды.
Бір атап өтерлігі, әлем чемпионатында екі қазақстандық Токио Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізген болатын. Алғашқысы 55 килограмм салмақта өнер көрсететін Нұрислам Санаевқа тиесілі болса, екіншісі Дәулет Ниязбековтің еншісінде.
Бүгін Дәулет Ниязбеков ресейлік Гаджимурад Рашидовпен финалда белдеседі.