«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТІЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

22 қыркүйек – Қазақстан халқының Тілдері күні мерекесі. Осы орайда Петропавл қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының coworking орталығында “Тіл байлығы – ой байлығы” атты зияткерлік-танымдық ойын өтті. Оған қаламыздағы №7 орта мектептің 40-қа жуық оқушысы қатысты. 

Шара барысында қатысушылар үш командаға бөлініп, жұмбақтарды шешіп, жасырылған сөзді үш тілде айтылуына, өздерінің зияткерлік деңгейлерін анықтауға және тілді меңгеру қабілеттерін тексеруге арналған тапсырмаларды орындады. Ойын қызықты әрі тартымды өтті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің барлығы да грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай шаралар жас ұрпақтың бойында логикалық ойлау, зияткерлік қабілеттерін дамытуға зор септігін тигізеді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp