Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 21 қыркүйек күні өңір аумағында оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күні жауын жауып, ауа райы 1-3 градусқа дейін суытады деп күтілуде.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.
Сурет https://baribar.kz сайтынан алынды.