«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРНАЙЫ КӨЛІКТЕР БАСЫМДЫҚҚА ИЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында арнайы қызметтердің көліктеріне жол бермеген 6 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Тәртіп сақшылары мұндай тәртіп бұзушылықтардың соңы қайғылы аяқталуы мүмкін екенін ескертеді. Өйткені арнайы қызметті күтіп отырған адамдардың өмірі шақыртуға асығып бара жатқан «Жедел жәрдем» немесе өрт сөндіру көлігіне тікелей байланысты.
«Көк түсті немесе көк және қызыл түсті жарқылдағы және арнайы дабылы іске қосылған автокөліктердің жүргізушілері бағдаршамның белгілеріне бағынбауларына болады, әрі ережелерді бұзуына да рұқсат. Тек олар өздеріне жол берілгендігіне көз жеткізулері қажет. Арнаулы қызметтердің көліктеріне жаяу жүргіншілер де жол беруі тиіс», – деді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов.
“Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” кодекстің 598-бабы бойынша арнайы қызметтердің көлiгіне жол бермегендерге бірден айыппұл салынады. Өткен жылы мұндай үш дерек тіркелсе, биылғы жылдың басынан бері осындай жағдай алты рет орын алды.
Айта кету қажет, қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдағы іске қосылған көлік құралдары басымдыққа ие емес, алайда олар құрылыс, жөндеу немесе көшені жинау кезінде жол белгілері мен таңбаларының талаптарын орындамауы мүмкін. Басқа көліктердің жүргізушілері мұндай көлік құралдарының жұмысына кедергі келтірмеулері тиіс. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp