Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері Петропавл қаласындағы Тимирязев көшесі, 16 мекенжайында орналасқан «Транснефть-Урал» ААҚ-ның Петропавлағы филиалының мұнай өнімдерін сақтау және тасу нысанында шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық жаттығу өткізді.
Шартты өрт АИ-92 жанармайын сақтайтын резервуарлардың бірінде болды. Көлікке жанармай құюң нәтижесінде өрт шықты.
Жаттығудың негізгі мақсаты өрт ошағын сөндіру және жапсарлас резервуарларды қорғау болды. Шартты өртті сөндіру үшін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі өрт сөндіру және өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің Петропавл қалалық бөлімшелері: 2 техника және 15-тен астам қызметкер жұмылдырылды.