«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАТЫРЛАР ҚҰРМЕТІНЕ – ҰЛАН-АСЫР ТОЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенінің ашылғанына 20 жыл толуына орай Айыртау ауданында ұлан-асыр той өтті. Екі жарым мыңнан астам адамның басын қосқан шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев қатысты.

 Алыстан “менмұндалап” тұрған батырлар ескерткішінің алдына қаз-қатар ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар орнатылды. Жиында облыстың және Айыртау ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері Армия Әбілқайыров жалынды сөздерімен тыңдармандарға түйдек-түйдек ой сала білді. Ақсақал атап өткендей, Қарасай мен Ағынтай батырлардың кесенесі – жастар үшін тағылымы мол тарихи орын. Сонымен қатар бұл күні салтанатты шараға арнайы Алматы қаласынан келген Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов жүрекжарды лебізін білдіріп, солтүстікқазақстандықтарды құттықтады. Ал әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Бекет Кәрібаев қарт тарихтың ақтаңдақ беттеріне үңіліп, Қарасай батыр жайлы түрлі деректер келтірді. Шара барысында қазақ күресінен дода, аударыспақ, жаппай көкпар ұйымдастырылып, «жүзден жүйрік» жігіттер анықталды. Бұл туралы толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp