«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЛКЕНДІ СЫЙЛАУ САЛТЫМЫЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

республикалық ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің Халықаралық қарттар күніне арналған үндеуі


1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Осы орайда республикалық ардагер­лер ұйымы “Қарттарым – асыл қазы­нам” атты қайырымдылық акциясына шақы­ратын үндеу жариялап отыр.

Қазіргі кезде мемлекет тарапынан қарт­тардың тұрмысына, тыныс-тірші­лі­гі­­не, әлеуметтік жағдайына аса мән бе­ріліп, жан-жақты қолдау мен қамқорлық жасалуда. Әрбір азаматтың жасы ұл­ғай­ған кезіндегі өмірін лайықты ету мемле­кетіміздің басым бағыттарының бірі болып келеді. Отанымыздың өсіп-өр­кен­деуіне аяулы да ардақты қарт­тары­мыз­дың қосқан үлесі қомақты деп білеміз.
Үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ежелден келе жатқан ата салты. Өмір жолын еліміздің гүлденуі мен дамуына арнап, маңдай терін төккен аталар мен әжелерге құр­мет көрсету – бүгінгі жас буынның басты па­рызы. Осы бағытта көмекке мұқ­таж қарттарымызды ел болып қамқор­лыққа алайық. Қарттарға қоғам болып қолдау білдірейік. Жұмыла қимылдап, елдігімізді көрсетіп, ардагерлерімізді ардақтауға атсалысайық!
Қадірлі отандастар!
Баршаңызды 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай өз өңірлеріңіздегі ар­дагерлер ұйымдарымен байланыс жа­сап, қамқорлыққа зәру қарияларға көмек беруге, қайырымдылық жасауға шақы­рамыз.

 

Ардагерлер ұйымының орталық кеңесі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp