Облыста өтіп жатқан өрт қауіпсіздігі айлығы аясында төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет мамандарының формасын киген, жергілікті полиция қызметінің офицерлері және колледж студенттері арасынан еріктілер Петропавлдағы Ойқала, Жұмысшы кенті, “Береке”, Заречный және т.б. шағын аудандарда кезекті рейд жүргізді.
Олар жеке меншік тұрғын үйлердің иелерімен әңгімелесіп, жадынамалар таратты, пешті, электр жабдықтарын, жарық құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Пештің мұржасын тазартып отыру керектігін, есігін тығыздап жабуды, шырпыны балалардың қолы жетпейтін жерге қою қажет екенін тұрғындар кейде естен шығарып алады.
Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаев пештерді пайдалану кезінде тұншықтырғыш газбен уланудың алдын алу қажеттілігіне тоқталды. Петропавл қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың сардарлары дыбыс беретін тұншықтырғыш газ датчиктерін орнату жөнінде акция өткізді.