«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРЫСТА НЕГІЗГІ ЖҰМЫСТАР БАСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Арыстағы оқиға салдарын жою бойынша ең күрделі әрі қауіпті жұмыстар басталды. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті.

«Қазіргі уақытта Арыстағы оқиға салдарын жою бойынша жұмыстарды жүргізудің ең қиын, жауапты әрі тәуекелді кезеңі басталғанын түсіну керек. Әскери қызметшілер әскери бөлім айналасын толықтай тазартты. Яғни, қалаға, оның тұрғындары мен сол маңайдағы елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ», – деді Н. Ермекбаев тілшілер сауалына жауап бере отырып. Сонымен қатар ол төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша жұмыстар жалғастырылатынын жеткізді. «Қазіргі кезде әскери бөлім мен қоймалар ішінде негізгі жұмыстар басталды. Бұл жерлерде фрагменттер, оқ-дәрі сынықтары, өзге де жарылмаған заттар шоғырланған. Осы орайда саперлердің жұмысы қауіпті болып тұр», – деді ведомство басшысы.
21 қыркүйек күні арнайы жасақталған полигон (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) аумағындағы жоспарлы жарылыс жасау жұмыстары барысында оқ-дәрі өздігінен жарылған болатын. Соның салдарынан арнайы дайындықтан өткен 10 келісімшарт әскери қызметшісі жарқыншақ тиіп жарақат алды.

www.inform.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp