М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті, муай-тайдан Қазақстан Республикасының спорт шебері Евгений Зайцев Оңтүстік Кореяда өткен жекпе-жектен әлем турнирінде қола жүлдеге ие болды. Жас спортшы 63,5 келі салмақта 3 жекпе-жек өткізіп, жақсы нәтиже көрсетті.
Бағы жанған спортшы – облыстың және республиканың ұлттық құрамасының мүшесі. Ол бұған дейін де бірнеше рет әлемдік аренада Қазақстанның атын аспандатып, жүлделі орындарға ие болған. Евгений Зайцев – Азия чемпионатының күміс жүлдегері, муай-тайдан Солтүстік Кубогының иегері.
Евгений Зайцев «Beybars» клубында облыстың бас жаттықтырушысы Иван Ван-Хон-Тунның басшылығымен аптасына бес рет жаттығады. Қазір ол Дүниежүзілік жекпе-жекке қатысуға дайындалуда.
http://www.nkzu.kz