Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы туберкулез диспансерінде келеңсіз оқиға орын алды. Медициналық мекеменің науқастары арасында орын алған жанжал барысында 39 жастағы азамат ауыр жарақаттан қайтыс болды.
– Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөліміне телефон арқылы туберкулезге қарсы диспансерде ем қабылдап жатқан 1979 жылғы науқастың 1980 жылы дүниеге келген науқасқа пышақ сұққаны туралы хабарлама келіп түсті. Ауруханаға жеткізілген соң жәбірленуші көп қан жоғалтуына байланысты көз жұмды. Аталған факті «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жан түршігерлік оқиғаның орын алуына қандай себеп болғаны белгісіз. Күдікті қамауға алынды.
– Бүгінгі таңда түпкілікті процессуалдық шешім қабылдау үшін осы қылмыстық істі шынайы, жан-жақты зерттеуде барлық қылмыстық тергеу әрекеттері мен сараптамалары жүргізілуде. Күдікті екі айға қамауға алынды, – деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің инспекторы Динара Сағындықова.
Сурет https://1kr.ua сайтынан алынды.