Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов «UNION» Халықаралық университеттер қауымдастығының президенті болып сайланды. Бұл туралы Қазақстанда алғаш рет Алматыда өтіп жатқан «QS Worldwide» форумының салтанатты ашылуында айтылды.
«UNION» халықаралық университеттер қауымдастығы («Universities Open Network») – 35 елдің 100-ден астам жетекші университеті мүше ғаламдық желі. Ұйым президенті конкурстық негізде сайланады. Барселонада (Испания) өткен ассамблеяда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов бірауыздан қауымдастықтың басшысы болып сайланды. «Біз Ғалым Мұтановты белгілі ғалым, тиімді менеджер және жоғары білім саласындағы жаңашыл тұлға ретінде білеміз. Оның басшылығымен ҚазҰУ үлкен жетістіктерге жетіп, халықаралық деңгейдегі озық университетке айналды. Ол Ассамблеяны басқара отырып, оның қызметіне және мақсаттарына қол жеткізуде үлкен үлес қосатынына сенімдіміз», – деп атап өтті Барселона жоғары менеджмент мектебінің директоры Татьяна Компаниец, университеттердің жаһандық форумында сертификатты табыстай отырып.
www.inform.kz