«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 24.09.2019

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ТУЫСЫН ЖЕЗӨКШЕЛІККЕ ТАРТҚАН

Қазақстанның барлық өңірлерінде «STOP трафик» операциясының кезекті кезеңі өтті. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шараның мақсаты – адам саудасы, заңсыз бас бостандығынан айыру, жезөкшелікпен айналысуға тарту, жеңгетайлық деректерін анықтау. 

ҮШ АДАМ КҮЙІК АЛДЫ

Жамбыл ауданының Благовещенка ауылындағы екі пәтерлі тұрғын үйден өрт шығып, үш адам зардап шекті.

КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ ҮМІТКЕР ҰСЫНУДЫ ТАПСЫРДЫ

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдіктің кезекті отырысында Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру және ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысы талқыланды. 

ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙДЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ

Петропавл қаласындағы Спорт сарайында шайбалы хоккейден 2006 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатының алғашқы туры өтуде. Жарысқа Петропавл, Нұр-Сұлтан, Көкшетау және Павлодар қалаларынан 4 құрама қатысуда.

БАС АЛАҢ ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛУДА

Петропавлдың бас алаңы, Тұңғыш Президент саябағындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдың өрнектастары тағы ауыстырылуда. Былтыр ғана төселген кеспе тастар биыл жарамсыз болып қалыпты. Оның басты себебі – жауын-шашын суы ағатын құбырлардың болмауында. Соның салдарынан алаңға су жиналып, төселген тасқа зақым келтірген.

JASTARDY ÚGІTTEÝDE

Oblystyq tilderdi damytý jónindegi basqarma 16-27 qyrkúıek ara­lyǵynda Qazaqstan halqy tilderiniń XXI festıvali aıasynda “Aty-jó­nimizdi qazaqshalaý – rýhanı jańǵyrýdyń bastaýy” aksıasyn ót­kizýde. Sharanyń maqsaty Qazaqstan Respýblıkasy Prezıdentiniń 1996 jylǵy 2 aqpandaǵy “Ulty qazaq azamattarynyń tegi men ákesiniń atyn jazýǵa baılanysty máselelerdi sheshý tártibi týraly” Jarlyǵyn túsindirý arqyly óskeleń urpaqty óz aty-jónderin qazaq­sha­laý­ǵa shaqyrý bolyp otyr.

ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУҒА ҚОЛАЙЛЫ ӨҢІР

Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келген Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Қайыров «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры облыстық филиалында болып, инвесторларға қызмет көрсететін фронт-кеңсенің жұмысымен танысты.

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың өкімімен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметіне Ескендіров Марат Мәкенұлы тағайындалды. 

ИТАЛИЯДА ТОП ЖАРДЫ

Солтүстікқазақстандық велошабандоз, “Astana Pro Team” кәсіпқой велокомандасының мүшесі Алексей Луценко Италия тасжолында өткен “Ме­мо­риал Марко Пантани” біркүндік вело­жарысын­да топ жарды. Бұл – отандасымыздың биылғы маусымдағы 10-шы жеңісі.

ҚАР ЖАУАДЫ

Солтүстік Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады. 25 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіліп отыр. 

ТАПА-ТАЛ ТҮСТЕГІ ТОНАУ

Петропавл қалалық полиция басқармасына Ақ­қайың ауда­нының 42 жастағы тұрғыны облыс орта­лығындағы қонақүйлердің бірінде белгісіз біреу өзін тонап кеткенін айтып шағымданған.

ҰЛТЫНА ҰРАН БОЛҒАН ЕСІМДЕРІ

Бағытымыз – ажарлы табиғатымен талайды баураған Айыртау ауданы. Көлік терезесінен далаға көз жібересің де, еріксіз ойға шомасың. Жері сулы, орманы нулы өңіріміздің белесі мен белдері, қырқасы мен қыраты өткен ғасырлардан сыр шертетін тарихтың бір парағы іспеттес. Ұшқан құстың қанаты талатын, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұланғайыр даланы анталаған жаудан қорғаған батырлардың бейнесі көзге еріксіз елестейді. Ереуіл …

ҰЛТЫНА ҰРАН БОЛҒАН ЕСІМДЕРІ Read More »

МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ

Облыстық полиция департаментінің бас­ты­ғы, полиция полковнигі Марат Төлебаев М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студентте­рімен кездесті. Ішкі істер министрлігінде ал­ғашқы даярлықтан өту тәртібі мен талап­тары жайлы әңгіме қозғалған шараға 500-ге жуық кейінгі толқын өкілдері қатысты.

МӘСЕЛЕ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРІ БОЙЫНША ШЕШІЛЕДІ

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, құқық қорғау, кәсіпкерлік, тағы басқа да салалар бойынша шешімі табылмай жүрген мәселелеріңіз, көкейкесті сауалдарыңыз болса, 8-705-463-13-29 нөміріне WHATSAPP желісі арқылы хабарлама жолдай аласыздар. Біз өз кезегімізде оқырмандарымызды толғандырған сауалдарды тиісті органдарға жолдап, олардың жауабын газет бетінде жариялайтын боламыз. Хабарлама мәтіні түсінікті жазылып, оны жолдаушының аты-жөні, мекенжайы толық көрсетілуі қажет. …

МӘСЕЛЕ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРІ БОЙЫНША ШЕШІЛЕДІ Read More »

АСЫҒЫП ЖЕТЕР МЕКЕНІ

Арамаис Тер-Аствацатурянды Қызылжар жұртшылығы қайырымды кәсіпкер ретінде таниды. Ол облыс деңгейінде ғана емес, ел көлемінде өтетін игі шаралардан шет қалып көрген емес. Биылғы көктемде Арыс қаласында болған жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға Қызылжар өңірінен жиналған көмекті арнайы көліктер арқылы жеткізіп, азаматтық ісімен көпшілікті сүйсіндірді.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

2019 жылғы 23 қыркүйек күні облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда 2019 жыл­дың 23 қазанына белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты және өкілеттігін мер­зімінен бұрын тоқтатқан аудандық маңызда­ғы қалалардың, ауылдық округ әкімдерінің ор­нына әкімдерді сайлауға дайындық және оны өт­кізу жөніндегі негізгі шаралардың жұмыс және күн­тізбелік жоспарлары қаралып, бекітілді.

ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: “Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді. Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс және жер ресурстарын тиімсіз пайдалану мәселесі өте өзекті болып отыр”, – деген болатын.