«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МӘСЕЛЕ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРІ БОЙЫНША ШЕШІЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, құқық қорғау, кәсіпкерлік, тағы басқа да салалар бойынша шешімі табылмай жүрген мәселелеріңіз, көкейкесті сауалдарыңыз болса, 8-705-463-13-29 нөміріне WHATSAPP желісі арқылы хабарлама жолдай аласыздар.
Біз өз кезегімізде оқырмандарымызды толғандырған сауалдарды тиісті органдарға жолдап, олардың жауабын газет бетінде жариялайтын боламыз. Хабарлама мәтіні түсінікті жазылып, оны жолдаушының аты-жөні, мекенжайы толық көрсетілуі қажет.
Газетіміздің “Whatsapp” желісіне Уәлиханов ауданындағы Қайрат ауылының тұрғыны Гүлсім Жәкетовадан хат келіп түсті. Ол балаларына тегін пәтер алу жөнінде көмек сұраған екен. Бұл туралы газетіміздің 3-інші бетінен оқи аласыздар. 

“Құрметті редакция! Мен мектепте мұ­ға­лім болып қызмет етемін. Дүниеге әкел­ген егіз балаларымның бірі сәби кү­нінен дертке шалдығып, мүмкіндігі шектеулі жан ретінде есепте тұр. Ол биыл мектепті тамамдап, Көкшетау қаласын­дағы арнайы колледждердің біріне оқуға түсті. Есту мүшесі зақымданған балам­ның тұратын жері жоқ. Екінші ұлым да сол қалада ақылы түрде білім алады. Еке­уіне пәтер жалдауды қалтамыз көтермей­ді. Туған-туыстарымыздың көмегі тигені­мен, бір-біріне серік болып, үл­кен қалаға тез үйренісіп кетулері үшін ұлдарымның бірге тұрғаны жақсы бо­лар еді. Жол­дасым болса, осыдан екі жыл бұрын мик­ро­инсульт алған, сондықтан ауыр жұмысқа жарам­айды. Менің еңбекақым үйдің керек-жара­ғынан, азық-түлік пен балалардың киім-кешегінен артылмайды. Менің білейін дегенім, Көкшетау қаласынан тегін пәтер алу­ға мүмкіндік бар ма?
Бұл сауалға Уәлиханов ауданы әкі­мінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Айгүл Жауарова жауап берді:
Біз редакцияның өтініші бойынша хат иесі Гүлсім Рәпкенқызының өзімен ха­барласып, мән-жайды сұрап, тиісті кеңе­сіміз­ді бердік. Бүгінгі күні оның екі баласы Көкшетау қаласында білім алуда. Мүм­кіндігі шектеулі кенже ұлы денсаулығы бойынша Ақмола облысының Степно­горск қаласында тіркеуде тұр. Сондық­тан біз өз тарапымыздан ешқандай кө­мек бере алмаймыз. Қандай да бір көмекке немесе жеңілдікке ие болуы үшін өтініш білдіруші аталмыш облыстың бас­шыларына жүгінуі қажет. Гүлсім Жәке­тованың екі ұлы да Көкшетау қаласында тұ­рады. Сол себепті де біз пәтер мәсе­лесін шеше алмаймыз. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp