«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың өкімімен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметіне Ескендіров Марат Мәкенұлы тағайындалды. 

Марат Мәкенұлы 1966 жылы Солтүстiк Қазақстан облысындағы бұрынғы Сергеев ауданы Кривощеково ауылында туған. “Экономист-ауыл-шаруашылығы өндiрiсінің ұйымдастырушысы”, “Заңгер” мамандықтары бойынша екi жоғары бiлiмi бар. Еңбек жолын 1983 жылы бастап, аға бақылаушы-тексерушi, Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қаржы бақылау басқармасының бөлiм басшысы, Қостанай, Павлодар облыстары бойынша салық комитетiнiң бөлiм бастығы, төраға орынбасары, төрағасы, Қостанай облысы әкiмi аппаратының экономика және талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi, Қостанай облысы бойынша мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң түсiндiру жұмысы басқармасының басшысы қызметін атқарды. Осы тағайындауға дейін Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp