«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАС АЛАҢ ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдың бас алаңы, Тұңғыш Президент саябағындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдың өрнектастары тағы ауыстырылуда. Былтыр ғана төселген кеспе тастар биыл жарамсыз болып қалыпты. Оның басты себебі – жауын-шашын суы ағатын құбырлардың болмауында. Соның салдарынан алаңға су жиналып, төселген тасқа зақым келтірген.

Енді мамандар, бас алаңның эстетикалық кесін-келбетін түзеп, өрнектастың жарамдылық мерзімін ұзарту үшін арнайы құбырлар орнатуда. Петропавл қалалық тұрғын үй коммуналдық- шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Бақыт Ілиясов түсіндіргендей, бұған дейінгі жобада өрнектастың астына суағар құбырлар орнату қарастырылмапты. Өйткені жоба өте қысқа мерзімде жүзеге асырылған. Енді қолға алынған жұмысқа “Тазарту, су бұру және су өткізу құрылғылары” кәсіпорны жауапты. Бұл жобаға 9,5 миллион теңге бөлінді. Барлық жұмыстар қазан айының басында аяқталады деп күтілуде.


http://petropavltv.kz    

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp