«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ ҮМІТКЕР ҰСЫНУДЫ ТАПСЫРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдіктің кезекті отырысында Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру және ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысы талқыланды. 

Облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысы Елена Степаненконың айтуына қарағанда, Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру жұмысы өңірімізде баяу жүргізілуде. Аудандық әкімдіктер де, басқармалар да резервке үміткер ұсынуда салғырттық танытып отырған көрінеді. Бүгінгі таңда біздің өңірден тек 34 адам ғана ұсынылыпты. Осы орайда облыс әкімі Құмар Ақсақалов аудан әкімдері мен басқарма басшыларына жас мамандарды тәрбиелеп, өсіру керектігін айтып, кадрлық резервке үміткерлерді ұсынуды тапсырды.
Өңірімізде ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында да түйінді мәселелер бар. Мәселен, бруцеллез ауруына шалдыққан малдардың 57 пайызы ауыл шаруашылығы құрылымдарында анықталған. Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжановтың айтуына қарағанда, бұл шаруашылықтардың ветеринарларды ескертпестен малды тасымалдауы салдарынан туындап отыр. Жергілікті жерлерде ветеринарлық қызметтерге жеткілікті көлемде қаржы бөлінбейді, кейбір мамандар материалдық-техникалық жағдайдың жасалмауынан түрлі вакциналарды үйлерінде сақтауға мәжбүр. Өңірімізде 529 мал қорымы болса, бірде-біреуі талапқа сәйкес келмейді. Бірқатар аудандарда мал қорымы мүлде жоқ. Жергілікті жерлерде ветеринар мамандардың тапшылығы да айқын сезілуде. Алайда, үстіміздегі жылы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің ветеринария мамандығына гранттар бөлінсе де, ниет танытқан жастар болмапты. Айтылған мәселелерге байланысты облыс әкімі Құмар Ақсақалов құзырлы органдар мен жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp