«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаментінің бас­ты­ғы, полиция полковнигі Марат Төлебаев М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студентте­рімен кездесті. Ішкі істер министрлігінде ал­ғашқы даярлықтан өту тәртібі мен талап­тары жайлы әңгіме қозғалған шараға 500-ге жуық кейінгі толқын өкілдері қатысты.

Шараны ашқан университет ректоры Серік Өмір­баев кездесудің маңыздылығына тоқталды. Өйткені, жастар өздерін толғандырған сұрақтарын депар­тамент бастығына қойып, жан-жақты ақпараттарды ала алады. Бүгінгі күні университет түлектерінің ара­сында полиция саласында қызмет атқарып жүрген­дер аз емес. Алдағы уақытта да жоғары оқу орнын та­мамдағандар ішінен құқық қорғау органдарында жұмысқа орналасуға ниет танытушылар табылатыны сөзсіз. Сондықтан Марат Төлебаев жастарға депар­та­мент жұмысы жайлы баяндап, ішкі істер орган­дарын жаңғырту бағытында дайындалған жол карта­сын жүзеге асыру барысына тоқталды. Тәртіп сақ­шыларын әлеуметтік қолдау мақсатында жүзеге асы­рылып жатқан шараларды атап өтті. Шілде айынан бастап полицейлердің еңбекақысы қызметтік міндет­те­ріне байланысты 20 пайыздан 65 пайызға дейін арт­ты. Бірқатар лауазым иелерінің баспана ақысы төле­неді. Сонымен қатар ақшалай өтемақы да беріледі.
Бұл кездесуде студенттер де белсенділік танытып, жұмыс істеу шарттары, қызметке жаңа кіріскендер үшін төленетін еңбекақы көлемі, түлектердің құқық қор­ғау органдарына жұмысқа орналасу мүмкіндігі жайлы сұрады.


Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp