Петропавл қалалық полиция басқармасына Аққайың ауданының 42 жастағы тұрғыны облыс орталығындағы қонақүйлердің бірінде белгісіз біреу өзін тонап кеткенін айтып шағымданған.
Жәбірленуші бөлмесін босатып, қонақүйдің ақысынан қалған жеті мың теңгені алып шығып келе жатқан. Кенеттен оның жанына темекі сұрап келген адам қолындағы ақшаны жұлып алып, қаша жөнеліпті. Жапа шегушінің көру қабілеті нашар болғандықтан, қылмыскердің бет-бейнесін суреттеу қиынға түскен.
Дегенмен, зағип жанға жасалған шабуыл бейнекамера құрылғыларының көмегімен бір сағаттың ішінде ашылды. Ол бұрын сотталған Қызылжар ауданының 23 жастағы тұрғыны болып шықты.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің “Тонау” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.