«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАПА-ТАЛ ТҮСТЕГІ ТОНАУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық полиция басқармасына Ақ­қайың ауда­нының 42 жастағы тұрғыны облыс орта­лығындағы қонақүйлердің бірінде белгісіз біреу өзін тонап кеткенін айтып шағымданған.

Жәбірленуші бөлмесін боса­тып, қонақүйдің ақы­сы­­нан қалған жеті мың теңгені алып шығып келе жат­қан. Кенеттен оның жанына темекі сұрап келген адам қолын­дағы ақшаны жұлып алып, қаша жөнеліпті. Жапа шегушінің көру қабілеті нашар болғандықтан, қыл­­мыскердің бет-бейнесін су­рет­теу қиынға түскен.
Дегенмен, зағип жанға жасал­ған шабуыл бейнека­мера құрыл­ғыларының көмегімен бір сағат­тың ішінде ашылды. Ол бұ­рын сотталған Қызылжар ауданы­ның 23 жастағы тұрғыны болып шықты.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің “Тонау” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірың­ғай тізіліміне енгізілді. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp