Солтүстік Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады. 25 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіліп отыр.
25-26 қыркүйекте түнде өңірдің кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді, тұман түсуі ықтимал. 25 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетуі мүмкін. 26 қыркүйекте күндіз өңірдің кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавл қаласында 25-26 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. 25-26 қыркүйекте күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні15-20 м/с жетуі ықтимал.
www.inform.kz
Сурет https://ru.sputnik.kg сайтынан алынды.