«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде “Әділет органдары кеңес береді” акциясы өтуде. Осы шараның аясында облыстық әділет департаменті “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының қолдауымен тұр­ғындар көп жиналатын орындарда қабылдаулар өткізді.

Акцияның негізгі мақсаты әділет орган­дары жұмысының айқындығын көрсетіп, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, білікті заңгерлік көмекпен қамта­масыз ету және бұқара мен партия орган­да­рының байланысын нығайту болып отыр. Мәселен, облыс орталығындағы “Се­мей­н­ый” сауда үйінде жеке сот орын­даушылар, нотариустар, заңгерлер жыл­жымайтын мүліктік құқықтар, зияткерлік меншікті тіркеу, алимент төлеу, мұра­герлікті ресімдеу сынды түрлі мәселелер бойынша петропавлдықтарға құқық­тық кеңес берді.
Осындай шаралар өңіріміздің барлық аудандарында да ұйымдастырылуда. Мәселен, “Nur Otan” партиясы Шал ақын ауданындағы филиалы ғима­ратында өткен акция барысында жергілік­ті тұрғындар құқықтық кеңес алып, шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp