«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУҒА ҚОЛАЙЛЫ ӨҢІР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келген Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Қайыров «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры облыстық филиалында болып, инвесторларға қызмет көрсететін фронт-кеңсенің жұмысымен танысты.

Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап елге инвестиция тарту өкілеттілігі Сыртқы істер министрлігіне жүктелген болатын. Осы орайда, аталмыш фронт-кеңсе инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын және инвесторларды “бір терезе” қағидасымен сүйемелдейтін басты провайдер болмақ.
Жиында облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек өңірге инвестиция тарту, инвесторлардың мәселелері және инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу жайын баяндады. Өткен 8 айдың қорытындысы бойынша өңірде негізгі капиталға тартылған инвестицияның көлемі 14 пайызға өскен. Ал жеке инфестиция көлемі 36,6 пайызға артып, сыртқы инвестиция өсімі 66,1 пайызды құраған.
Жыл басынан бері 9 млрд. теңгенің «KAZMEAL» ЖШС-інің бидай өңдейтін зауыты мен «Тайынша ет комбинаты» ЖШС-і пайдалануға берілген. Жалпы, облысымызға 580 млрд. теңге инвестиция тартылған.
Ерлан Қартайұлы облыстың инвестиция тартудағы жетістігін жоғары бағалап, жергілікті кәсіпкерлерді «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасына белсенді қатысуға шақырды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp