«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 26.09.2019

ҚАНАҒАТТЫҢ ЖОҚТЫҒЫ

Биылғы жылдың 1 сәуірінен атау­лы әлеуметтік көмекті тағайындау­дың жаңа тәртібінің енгізілуіне бай­ланысты әлеуметтік қорғау жүйесінде көрсеті­летін мемлекеттік қызмет­терге деген сұ­раныс артып отыр. Осы көмекті рә­сімдеу барысында кө­кейкесті мәселелер­ді анықтау және тұрғындар арасын­да­ғы шиеленіс жағ­дайларын болдыр­мау мақсатын­да облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті кешенді ша­раларды жүзеге асырады. Норматив­тік-құқықтық актілер мен әлеуметтік же­лілерге мониторинг жүргізу, тұрғындар­ды жұ­мыспен қамту …

ҚАНАҒАТТЫҢ ЖОҚТЫҒЫ Read More »

БАҚШАСЫНДА МАРИХУАНА ӨСІРГЕН

Облыс тәртіп сақшылары  “Допинг” жедел-алдын алу іс-шарасын қорытындылады. Акцияның негізгі мақсаты – есірткі айналымының саласында заңдылықтың сақталуы. Есірткі, психотропты заттар мен олардың прекурсорлары пайланылатын ауруханалар, қоймалар, өндірістік кәсіпорындар тексерілді.

ЗАУЫТ ВАГОН ШЫҒАРА БАСТАДЫ

“Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ-ы нарықта сұранысқа ие жаңа өнім шығаруды қолға алды. Бұл ет, балық, көкөніс секілді тез бүлінетін өнімдерді тасымалдауға арналған изотермиялық вагондар. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов зауытта болып, вагон құрастыру цехының жұмысымен танысты.