«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 27.09.2019

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Петропавл қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма қызметкерлері департаменттің азаматтық қорғаныс басқармасы және апаттар медицинасы орталығымен бірлесіп, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 1-ші курс студенттері арасында өрт қауіпсіздігі, су қауіпсіздігі, жарақаттанудың алдын алу туралы білімдерін жетілдіру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

ЖҮЛДЕГЕРЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСУ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің жедел-құтқару жасағы Алматы қаласында өткен “Қазқұтқару-2019” 24-ші республикалық жиын-семинарынан жүлделі оралды.

ОРАҚ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Қазіргі таңда Тайынша ауданында күзгі орақ науқаны қарқынды жүргізілуде. Ауа райының қолайлы сәтін тиімді пайдаланып қалуға тырысқан диқандар “сары алтынды” шашау шығармай жинап алуға асығуда. 

КЕЛЕСІ ЖОЛЫ – ПЕТРОПАВЛДА

Ақтөбе қаласында бір аптаға созылған ұлттық спорт түрлерінен республикалық V фестиваль өз мәресіне жетті. Дүбірлі додаға еліміздің он жеті өңірінен 800-ге жуық спортшы қатысты.

БІРЛІКТІ ДӘРІПТЕГЕН ФЕСТИВАЛЬ

Қалалық құрылыс-экономикалық колледжде Қазақстан халқының тілдері күніне орай “Шарықтап шыңға ұмтылған Қазақстан” атты фестиваль өтті.

“ALYP TULǴALAR” КӨРМЕСІ

Петропавл қаласындағы “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінде Жамбыл ауданының тарихи-өлкетану музейінің “Alyp tulǵalar” атты жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды. Сөз зергерлері Ғабит Мүсіреповтің, Сәбит Мұқанов пен Иван Шуховтың өмірі мен шығармашылығына арналған шараның ашылу салтанатына зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен жастар қатысты.

АҚПАРАТТЫҚ ТУР

Өңірімізде Түмен облысы туристік агенттіктерінің өкілдері үшін ақпараттық тур өтуде. Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы ұйымдастырған шараға 14 туроператор қатысуда.

МӘЙІТ ТАБЫЛДЫ

Облыс орталығындағы Заречный кентінде адам қаңқасы табылды. Сот-медициналық сараптама нәтижесі адамның қылмыстық жолмен өлтірілгенін көрсетті. Оқиғадан кейін бірнеше ай өткендіктен, саусақ ізі бойынша мәйіттің тұлғасын анықтау мүмкін болмады.

“ҮЗДІК ШЕБЕРЛЕР” АНЫҚТАЛДЫ

Жақында қала әкімдігі мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Петропавл қалалық Мәдениет үйінде “Үздік шебер – 2019″ қалалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.

КӨШПЕЛІ ЭКСКУРСИЯ

“Абылай хан резиденциясы” музей-кешенінің ұжымы «Адон-Север» қоғамдық бірлестігінің қызмет алушылары үшін көшпелі экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия жүргізушілер өздерімен бірге музей жәдігерлерін алып келіп, әрқайсысы жайында қызғылықты мәліметтерді баяндап берді.

БАЛЫҚШЫ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Петропавлдың маңындағы Пестрое көліне балық аулауға шыққан балықшының қайығы аударылып, суға батып кете жаздады. 

ЫСТАНБҰЛДА ЖЕР СІЛКІНДІ

26 қыркүйекте Ыстанбұлда жойқын жер сілкінісі болды. Зілзаланың магнитудасы – 5,8. Жер дүмпуі Ыстанбұлда және оған жақын аудандарда сезілді. 

ЕҢБЕКТЕРІ ЕСЕЛІ ЕКІ КӘСІПОРЫН

Облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған баспасөз туры барысында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары Петропавл қаласындағы іргелі екі кәсіпорында болып, олардың тыныс-тіршілігі және қол жеткізген табыстарымен танысып қайтты.