«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 03.10.2019

“COWORKING ОРТАЛЫҒЫ” АШЫЛДЫ.

Халықаралық мұғалім күні қарсаңында “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында “Coworking орталығы” ашылды. Мұнда сан алуан әдебиет, жұмсақ орындықтар, жеке және бірлесіп жұмыс істеуге арналған орындар бар. Сонымен қатар келетін адамдар жылдамдығы жоғары ғаламтор желісіне қосылып, оның тиімділігін пайдалана алады.  Бұл орталықтың компьютерлерінен бірегей электрондық басылымдарды, бейнесабақтар, дәрістер және …

“COWORKING ОРТАЛЫҒЫ” АШЫЛДЫ. Read More »

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САҒАТҚА ҚАТЫСТЫ

  Елімізде дүниежүзілік мекендеу орнын қорғау күніне арналған “Эко-сағат” акциясы өтуде. Осы орайда, облыс әкімі Құмар Ақсақалов Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде өткен факультативке қатысып, студенттермен қоршаған ортаны қорғау жайында пікір алмасты.  Алдымен өңір басшысы білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. 87 жылдық тарихы бар колледжде бүгінгі таңда 1200-ден астам студент 9 мамандық бойынша білім алуда. Олардың қатарында құрылысшы, …

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САҒАТҚА ҚАТЫСТЫ Read More »

АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Қалалық Мәдениет және демалыс саябағында Солтүстік Қазақстан облысының кәсіподақ қозғалысының ардагерлеріне арналған саяжолда ағаш отырғызу акциясы өтті. Маңызды шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев қатысты. 

ÁZİL ÁLEMİ

 Құрдастар қалжыңы Ұлы Отан соғысына бір ауыл­дан екі құрдас бір күнде аттанады. Аттары да ұқсас, біреуі Оспан бол­са, екіншісі Қоспан екен. Жар­ты жыл өткен соң Қоспан бір аяғынан айырылып елге оралады. Екі жыл­дан кейін Оспан бір көзден жара­ланып, мүгедек болып қайтады. Қандай жағдай болса да құрдас­тар­дың әзілі қалған ба, баяғы әдеттеріне басыпты. Құшақтасып көріскеннен кейін …

ÁZİL ÁLEMİ Read More »

ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ӘЗІРЛІК

  Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жекке санаулы күндер қалды.  Боксшылар мен олардың командасы Қазақстан уақытымен жексенбі күні таңертең өтетін жекпе-жекке дейін арнайы кесте бойынша дайындалатын болады. 1 қазан күні боксшылар АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы “Madison Square Garden” залында ашық жаттығу өткізді. 3 қазанда боксшылардың қатысуымен …

ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ӘЗІРЛІК Read More »

ҮМІТКЕРЛЕРДІ ТІРКЕУ АЯҚТАЛДЫ

Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді тіркеу кезеңі аяқталды. Еліміз бойынша тіркелген 13 мыңнан астам жастың 7 312-сі қажетті құжаттарды жүктеп, белгіленген мерзімде тіркелді. 

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Облыс орталығындағы “Жас өркен” шағынауданында аутизмге шалдыққан балаларды қоғамдық ортаға бейімдеуге арналған “Асыл мирас” орталығы ашылды. Танымал кәсіпкер Болат Өтемұратовтың “Асыл мирас” қайырымдылық қорының қолдауымен әзірленген ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.

ОТАНСҮЙГІШ ҚЫЗДАР

  Үндістанның Бангалор қаласында жасөспірімдер арасында су спорт түрлерінен Азия чемпионаты өтті. Қазақстандық ватерполшылар турнирдің күміс және қола жүлдегерлері атанды.  Ерлер командасы финалда Жапония құрамасына қарсы ойнап, жеңіліс тапты. Үздік үштікке Иран командасы енді. Ал қыздар командасы біріншіліктің қола жүлдесіне қол жеткізді. Алтынды Жапония, күмісті Өзбекстан құрамалары иеленді. Қазақстандық қыздар жанкүйерлердің есінде алған жүлделерімен емес, …

ОТАНСҮЙГІШ ҚЫЗДАР Read More »

БҰРЫМДЫ БОКСШЫЛАР БӘСЕКЕСІ

  Бурятияның бас шаһары – Улан-Удэ қаласында 3 қазан күні бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Құраманың бас бапкері Ерік Алғабек байрақты бәсекеде сынға түсетін спортшылар есімін атады.  Бокстан әлем чемпионатында ел намысын Алуа Балқыбекова (48 кг.), Назым Қызайбай (51 кг.), Дина Жоламан (54 кг.), Айжан Қожабекова (57 кг.), Римма Волосенко (60 кг.), Милана …

БҰРЫМДЫ БОКСШЫЛАР БӘСЕКЕСІ Read More »

ЖАҒА ЖЫРТЫСТЫ

  Грузия мен Қазақстан құрамалары арасындағы америка футболынан өткен жолдастық кездесудің соңы төбелеске ұласты.  Грузияның Тбилиси қаласындағы бұл кездесуде отандастарымыз 22:12 есебімен жеңіске жетіп жатқан болатын. Алайда, матч бітпей жатып қос команданың ойыншылары жаға жыртысты. Белгілі болғандай, қазақстандық спортшы қарсыласын соғып, жерге құлатқан. Бір-бірін жағадан алған ойыншыларды ажырату кезінде 33-ші нөмірлі ойыншының бетіне қарсыласының дулығасы …

ЖАҒА ЖЫРТЫСТЫ Read More »

ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖЕТІСТІГІ

  Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Төрт күн бойы әлемнің 61 елінен келген 500-ге жуық спортшы жүлдеге таласқан болатын. Жарыс қорытындысы бойынша ел құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медальмен төртінші орынды иеленді.  Жарыстың алғашқы күнінде Нұрқанат Серікбаев (50 кг.) чемпион атанса, Мадина Парагульгова (70 кг.) күміс медальға қол жеткізді. Әлима …

ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖЕТІСТІГІ Read More »

ТОЛАҒАЙЛАР ЖЕРГЕ ҚАРАДЫ

  Таиландтың Паттайя қаласында қазақстандық спортшылардың қатысуымен өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.  Биылғы жаһандық біріншілік Қазақстан үшін сәтсіз болды. Себебі, Таиландқа барған толағайларымыз бір ғана медаль иеленді. Жалпы, Қазақстан құрамасынан әлем біріншілігіне тоғыз атлетіміз барды. Жаһандық додада құраманың бас бапкері Юрий Мельниковтің сенім артқан спортшыларының ішінен 20 жастағы Игорь Сон ғана құраманы …

ТОЛАҒАЙЛАР ЖЕРГЕ ҚАРАДЫ Read More »

БОЗКІЛЕМДІ АҢСАП ЖҮРГЕН БОЙЖЕТКЕН

  Нұржан Серікболдың есімі қызылжарлықтарға жақсы таныс деп айта алмаймыз. Еркін күрестен жауырыны жер иіскемеген бойжеткенге соңғы жылдары боз кілемге шығу қол жетпес арманға айналды.  Оқырмандарға түсінікті болуы үшін алдымен мақала кейіпкерін таныстырып өтейік. Ол – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті. 1999 жылы Моңғолия астанасы – Улан-Батор қаласында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Әкесі …

БОЗКІЛЕМДІ АҢСАП ЖҮРГЕН БОЙЖЕТКЕН Read More »

КИІКБАЙ ШЕШЕН

  Киікбай Айтуғанұлы (1748-1842ж.ж.) қазіргі Жамбыл ауданындағы Баян ауылының маңындағы қыстақта туған. Жас кезінде Самарқан медресесінде діни білім алған. Өз ауылында медресе ашып, жасы ұлғайған шағында бала оқытқан. Әкесі Айтуған, атасы Шама қазақ-жоңғар соғыстарына қатысып, батыр болған. 1770-71 жылдары Еділ қалмақтарынан қазақ жерлерін, сондай-ақ, ХVIII ғасырда Батыс Сібір жерлерін патша басқыншыларынан азат етуге қатысқан Киікбай …

КИІКБАЙ ШЕШЕН Read More »

ОЙЛАНБАЙ ОТ БАСТЫ

  Жеңіл табыс, көлденең ақшаға құмарлық көп адамға маза бермейді. Санасында саңлауы болмаса, біреуді алдаумен тапқан ақша ұрлық, қылмыс екенін ойламайтын талай жан аяқ астынан опық жеп, өмір бойы жиған абыройы айрандай төгіліп жатады.  Соның бірі Роман Армисов (кейіпкердің аты-жөні өзгертілді) бірнеше жыл бойы полиция қатарында қызмет істеп, капитан шеніне дейін өсіп, талай рет қызметінде …

ОЙЛАНБАЙ ОТ БАСТЫ Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРДАҒЫ ЕҢ БИІК ТҰРҒЫН ҮЙ

“Зәулім ғимарат” десе, қызылжарлықтардың көз алдына облыс орталығындағы бір ғана нысан елестейтіні анық. Ол, әрине, Жамбыл мен Партизан көшелерінің қиылысында орналасқан 16 қабатты тұрғын үй. Алыстан “менмұндалап” көрінетін бұл баспананы осыдан бір жарым жыл бұрын “Казградстрой-НС” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салған болатын. Осылайша, серіктестік бұған дейін таңдауы 9 қабаттан әрі аспаған құрылыс компанияларының “биікке қарай” ұмтылуына …

ҚЫЗЫЛЖАРДАҒЫ ЕҢ БИІК ТҰРҒЫН ҮЙ Read More »

ҚАЛА ІРГЕСІНДЕГІ ЖОЛДАР ҚАШАН ЖӨНДЕЛЕДІ?

Облыстық қоғамдық кеңестің ке­зекті отырысы өтіп, онда Қызыл­жар және Мағжан Жұмабаев аудан­дарындағы елді мекендерді абаттандыру, Айыртау ауданындағы жер­гілікті маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеу мәселелері қа­ралды.

МАГИСТР АТАНУ МАҚТАН БА?

  Соңғы жылдары магистратурада оқуға ниет танытушылар саны артуда. Солардың бәрі бірдей ғылым саласына бет бұрғандар ма, әлде диплом мен шәкіртақы үшін білім алып жатыр ма?  Кейбіреулер магистратураны ғылыми-педагогикалық, зерттеушілік білімін жетілдіру үшін оқығысы келеді. Білім қуып жүргендер үшін магистратура, шынымен де, ғылым саласына жол ашады. Мәселен, дамыған батыс елдерінде магистратураға алдына қойған мақсаты айқын, …

МАГИСТР АТАНУ МАҚТАН БА? Read More »

КҮНСҰЛУДЫҢ ӘЛЕМІ

Сырлы үнімен, сан қырлы талантымен талғампаз көрерменнің жүрегін жаулап, қазақ театр өнерінде өзіндік орнын қалыптастырған актрисалардың бірі, жерлесіміз – Күнсұлу Шаяхметова. “Өнерге әркімнің-ақ бар таласы” дегендей, жастайынан сөз өнеріне, сахнаға жаны құмар сахнагер театр, кино мен телебағдарламаларда жарқырай көрініп, бүгінде дубляж саласының санаулы мамандарының біріне айналды. Қазақ сахнасының саңлағы Бикен Римовадан бата алып, қазақ өнерінің …

КҮНСҰЛУДЫҢ ӘЛЕМІ Read More »