«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 09.10.2019

АҚЫН АТЫНДАҒЫ АУДАНҒА БАРДЫ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Мағжан Жұмабаев ауданына жұмыс сапарымен барып, бірнеше өндірістік және әлеуметтік нысанның жұмысымен танысты. 

АТАУЛЫ КӨМЕКТІ МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫ ЗАҢСЫЗ АЛҒАН

Үстіміздегі жылдың өткен тоғыз айында облыста 5054 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған. Бір отбасы үшін берілген орташа төлем сомасы 75,9 мың теңгені құраған. Биыл бюджеттен атаулы әлеуметтік көмек үшін 2,3 миллиард теңге қарастырылған. Соның 1,6 миллиард теңгесі игерілген. Мұндай қолдау шаралары көптеген отбасының тығырықтан шығуына оң ықпал еткен. Әйтсе де, қулықтарын асырған кейбір азаматтардың жөнсіз …

АТАУЛЫ КӨМЕКТІ МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫ ЗАҢСЫЗ АЛҒАН Read More »

ТАС ЖОЛ АҚЫЛЫ БОЛАДЫ

  Қазан айынан бастап “Щучинск-Көкшетау-Петропавл” тас жолын сынақ түрінде ақылы ету ұсынылды.  Шлагбаумдар болмайды, ал жолдың ақысы онлайн қабылданады. Ашық жүйеге сәйкес автокөліктің мемлекеттік нөмірінің шоты арқылы алдын ала немесе ақша төлеуге тиіс екені жөнінде ескерту келгеннен кейін, сонда көрсетілген реквизит арқылы ақша аударуға болады.  “ҚазАвтоЖол” Ұлттық компаниясы мамандарының айтуынша, ақылы жүйе жол қозғалысына қатысушылар …

ТАС ЖОЛ АҚЫЛЫ БОЛАДЫ Read More »

«ПАРА БЕРМЕ» ЧЕЛЛЕНДЖІ

Әлеуметтік желілерде «Пара берме» челленджі бастау алды. Акцияның өткізілуіне Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мұрындық болды. Оған еліміздің барлық өңірлері белсене атсалысуда. Солтүстік Қазақстан облысында акцияны алғашқылардың бірі болып бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қолдады.

ЖАЗАДАН ҚАШЫП ҚҰТЫЛМАЙДЫ

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғынбаевтың тапсырмасымен ішкі істер органдарының халық арасындағы беделін арттыру, азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында биыл 15 қыркүйектен бастап ел аумағында “Учаске” жедел-алдын алу іс-шарасы қолға алынған болатын.

ЖАУЫНГЕРЛІК РУХ ТІРЕГІ

      “Астана” өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Дулат Адырбековтың басшылығымен келген арнайы топ Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті әскери басқару органдары мен әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысты. 

ӨЗ КӨЛІГІ – ӨЗІНЕ ОЛЖА

Түнгі сағат үш шамасында домофонның шыр еткен қоңырауы шырт ұйқыда жатқан ерлі-зайыпты Гуськовтардың мазасын қашырды. 

ЖАҢА БАҒДАРЛАМАДАҒЫ ЖҮЙЕСІЗДІКТЕР

  Еліміздің орта білім беру жүйесін жаңартылған мазмұнға көшіру үрдісі жоспарға сай жалғасуда. Биылғы оқу жылынан бастап 4, 9 және 10-сынып оқушылары жаңартылған бағдарламамен оқып отыр. Сәйкесінше жаңа және типтік оқу бағдарламасы енгізіліп, оқушылардың жүктемесі азайды. Бірақ осыған орай бірқатар мәселе туындап отыр.  Бұл өзгерістер мұғалімдердің оқу үрдісін ұйымдастыруына кедергі келтіруде. Әсіресе, тарих пәнінің оқулықтарына …

ЖАҢА БАҒДАРЛАМАДАҒЫ ЖҮЙЕСІЗДІКТЕР Read More »

ЕНДІ ШЕКТЕУ ЖОҚ

Қазанның 8-і күні кешкі сағат 18:0де Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің тірек құрылымын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстың аяқталуына байланысты Есіл ауданындағы Покровка ауылының маңында республикалық маңызы бар Жезқазған-Петропавл автомобиль жолының 875 шақырымында көлік қозғалысына қойылған шектеулер алынып тасталды.  

ІЗДЕНІСТІҢ НӘТИЖЕСІ

  Өңірімізде кәсіппен айналысатын қыз-келіншектердің саны күн санап көбейе түсуде. Осыдан-ақ әйелдердің облыс экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып отырғанын аңғаруға болады. Ізденіс пен қажырлы еңбектің арқасында кәсібін өрге домалатқан жандардың бірі – Тимирязев ауданының тұрғыны Галина Воробьева.  Оның анасы 90-шы жылдары Тимирязево ауылында сауда базасында жұмыс істеген. Сондықтан ол бала кезінен сауда-саттықтың қыр-сырына қанығып өсті. …

ІЗДЕНІСТІҢ НӘТИЖЕСІ Read More »

ӘЙЕЛ БОСАНДЫРУДЫ ДА БІЛУ КЕРЕК

Облыстық полиция департаменті жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің базасында өткен апталық курс аясында жүрек-өкпе ауруларын емдеу, күйік шалу, қан кету, сүйек сынған кезде медициналық көмек көрсету, тіпті әйел босандыру кезінде қажет дағдыларды пысықтады.