«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 10.10.2019

ҒАЛАМТОРДАҒЫ АЛАЯҚТЫҚТЫ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН

  Солтүстікқазақстандық полицейлер ғаламтордағы алаяқтықтың алдын алуға арналған жұмыстарды ұдайы жүргізуде. Осы мақсаттағы шаралардың нәтижелілігін арттыру үшін облыстық полиция департаментінің қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері осы тақырыптағы баннерлер мен плакаттар жасап, оларды қаладағы аялдама павильондары мен қоғамдық көліктерге ілді. Ақпараттық жұмыс тұрғындарды алаяқтықтың түрлерімен таныстырып, одан қалай сақтануға болатынын үйретуге бағытталған.  Өңіріміздегі полиция департаменті бастығының орынбасары …

ҒАЛАМТОРДАҒЫ АЛАЯҚТЫҚТЫ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН Read More »

АБЫРОЙ БИІГІНДЕ

Аққайыңдар аралы атанатын өңіріміздің Шал ақын ауданынан ежелден дүйім қазаққа әйгілі адамдар көп шыққан. Абылай заманында ұлы ханның ақылшысы, сенімді серігі болған Құлеке мен Құлсары батырлар, бүкіл қазаққа есімдері қастерлі Шал ақын, Тоғжан Ендібайұлы, Герольд Бельгер, Ғалым Малдыбаев, ғылымның әр саласында жетістікке жеткен ғалымдар Евней Букетов, Аманжол Қошанов, Мырзатай Серғалиев және тағы да басқа еліне …

АБЫРОЙ БИІГІНДЕ Read More »

ТАРИХҚА ЖҮЙРІК

Мен кандидаттық диссертация жазу үшін жергілікті халық ақындарының шығармашылығын зерттеп жүрген едім. Ғылыми жұмысымда ақын Молдахмет Тырбиевтың шығармашылығына тоқталып, ол туралы біледі-ау деген кісілермен кездестім. Осы мақсатпен академик Аманжол Қошановпен талай мәрте жүздесіп, ұзақ әңгімелестік. Сал-серілер Біржан, Ақан, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақтардың ізін басып, дәстүрін жалғастырған Молдахмет Тырбиев соңына ғибратты сөз қалдырғанын егжей-тегжейлі баяндап берді. …

ТАРИХҚА ЖҮЙРІК Read More »

ТУҒАН ЖЕР МАҚТАНЫШЫ

Мен Аманжол Қошанұлымен 1949 жылы Марьевка мектебінде танысқан едім. Ол 9-сыныпта оқитын, мен 8-сыныпқа жаңа келген болатынмын. Сол кезден бастап қарым-қатынасымыз достыққа ұласып, әлі күнге дейін жалғасып келеді. Бала күнінен-ақ еңбекқорлығымен, білімділігімен ерекшеленген Аманжол Қошанұлы Марьевка орта мектебін алтын медальмен тамамдады. Кейін Мәскеудегі М.В.Ломоносов атындағы мемлекеттік университеттің экономика факультетіне оқуға түскен кезде өзінің білімін тағы …

ТУҒАН ЖЕР МАҚТАНЫШЫ Read More »

ТӨРТ ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Петропавл қалалық сотында “Қазсушар” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының экс-директоры Серікжан Жақаевқа қатысты процесс аяқталып, үкім шығарылды.

ЕР МІНЕЗ – ТӘРБИЕДЕН

  Қазақстан мектептерінде жұмыс істейтін мұғалім­дердің 80 пайызы – әйелдер. Ал балабақшаларда бола­шақ ұрпақ тәрбиесіне атсалысып жүрген жігіттер некен-саяқ. Жұртшылықтың ер тәрбиешілерді көр­генде тіксіне қарайтыны да рас. Кейбірі балаларын ер-азаматтардың қарауына бергісі келмей жатады. Осы тектес қиындықтардан өтіп, бес жыл балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеген азаматтың бірі – Ерболат Жантасов.  Петропавл қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы …

ЕР МІНЕЗ – ТӘРБИЕДЕН Read More »

СТУДЕНТТЕР АКТЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне елордалық «Жастар» театрының актеры Мейірғат Амангелдин келді. 

ЖАРҚЫН ТҰЛҒАСЫ БІЗГЕ ҮЛГІ

  Өмірімде таңғажайып кездейсоқ кездесулер жиі болды. Осы кездесулер ғалым, азамат ретінде қалыптасып, өмірден өз орнымды табуыма септігін тигізді. 1989 жылы сол кездегі Киров атындағы ҚазМУ-ды тамамдағаннан кейін Қазақ КСР ғылым академиясының Экономика институтына жұмысқа орналастым. Академик Аманжол Қошановпен таныстығым осы институттың қабырғасында басталды.  Ол уақытта Экономика институты еліміздегі экономикалық ой-толғамдардың ошағындай еді. Елімізде қайта …

ЖАРҚЫН ТҰЛҒАСЫ БІЗГЕ ҮЛГІ Read More »

ӨМІР ИІРІМДЕРІ

  Азаматтық парызына адал ғалым Аманжол Қошановтың өзі ғұмыр кешіп жатқан қоғамның, әлеуметтік ортаның, ең бастысы, замандастарының өмір-тіршілігін жан-жүрегімен түсініп, соны ой елегінен өткізгеннен кейін шындығына шырақ жағып, ақиқатын айтатыны өз ортасында бұрыннан белгілі жайт. Осы орайда ғалымның көмейінде бүлкілдеген қоғам мен адам туралы кейбір толғаныстарын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.    Үлкен орыс селосында …

ӨМІР ИІРІМДЕРІ Read More »

КӘСІПТІК БАҒДАР – СТУДЕНТТЕРГЕ КӨМЕК

Батыл әрі батыр, өзіне өзі сенімді адам ғана құтқарушы болып қызмет ете алмақ. Бүгінгі күні облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері осы құрылымда жұмыс істегісі келетін үміткерлер арасында ақпараттық науқанды жандандыра түсті. Үгіт-насихат шараларының мақсаты – азаматтық қорғау органдарындағы бос лауазымдарды сапалы жеке құраммен толықтыру, азаматтық қорғаныс органдарының беделін арттыру.

АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ

  Белгілі тұлғалар туралы жазу оңай шаруа емес, өйткені, бір-екі қырын білгеніңмен басқа да толып жатқан қыр-сырларын біле бермейсің. Олардың ұлылығы да осында болса керек. Міне, осындай ірі тұлғалардың бірі – Аманжол Қошанов ағамыз. Тегінен тараған әдемі қасиеттерімен бірге оның өз қолымен сомдаған кісілік қабілеті, азаматтық болмысы, жарқын тұлғасы ерекше екенін бүкіл елі мойындауда. Себебі, …

АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ Read More »

БҰЛ – БІР ДӘУРЕН

  Алдымыздағы жылы өңіріміздің ғана емес, еліміздің де сая­си, әлеуметтік-мәдени, қоғамдық өмірінде мән-маңызы зор оқиға болғалы тұр. Ол – қазақ баспасөзі қарашаңырағының бірі, республикамыздың қиыр-теріскейінде тұсауы кесілген “Soltústіk Qazaqstan” газетінің бір ғасырлық ғұмыры.  Бұл – қазақтың әлеуметтік-мәдени тұрмысындағы үлкен жетістік. Осы күнге куә болғалы отырған оқырман қауымның ішінде өзім де бармын және газеттің бүгінгі қызметкерлері …

БҰЛ – БІР ДӘУРЕН Read More »

ТАТУЛЫҚ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

    Заманның аласапыран кезінде тағдырдың жазуымен ұланбайтақ қазақ жеріне көптеген этнос өкілдері жер аударылды. Бүгінде біз қаны бөлек болғанымен, қазақ халқымен жаны бір, ұлты басқа болғанымен, халқымызбен арманы ортақ біртұтас елге айналып отырмыз. Әрине, бір шаңырақтың астында 100-ден астам ұлт пен ұлысты татулық пен бірлікте ұстап отыру оңай емес. Еліміз енді тәуелсіздік алған тұста, …

ТАТУЛЫҚ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ Read More »

“КИНО КӨРЕРМЕНДІ ТӘРБИЕЛЕЙДІ”

Қазақтың сайын даласы өнерпаздан кенде емес. Елімізге танымал театр және кино актері, “Тұңғыш Президент – Елбасы қоры” сыйлығының иегері Дәурен Серғазин – дарынды жастар көшін бастаған өнерпаздардың бірі. “Жаужүрек мың бала”, “Қара шаңырақ”, “Ән-Аға” сынды киноларға түсіп, көпшіліктің көзайымына айналған актердің өнеріне жақында қызылжарлықтар да тәнті болды. Қазақ өнерінде өзіндік орны бар, жас та болса …

“КИНО КӨРЕРМЕНДІ ТӘРБИЕЛЕЙДІ” Read More »

ОЙНАДЫ ДА, ОЙЛАНДЫ

Бүгінгі қоғам баланы ерте жастан оқытуға ден қоюда. Қазіргі таңда 6-7 жасар баланың төтенше және күтпеген жағдайлардан өзін қалай қорғау керектігінен хабары бар. Петропавл қаласындағы «Алтын бесік» балабақшасының директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Мәдина Дәрібаева балаларды төтенше жағдайлардағы дағдыларға ерте бастан үйретудің маңызын жақсы түсінеді. Бұл ретте оның ісі мен сөзі бір жерден шығып, қабысып отыр.

КӘСІП ИГЕРГЕННІҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елімізді дамытатын негізгі салалар бойынша мақсат-міндеттерді айқындап берді. Солардың бірі – білім беру сапасын жақсарту.  Білім беру саласындағы негізгі мақсат – қазіргі заманғы еңбек нарығына бейімделген және әлемдік стандарттарға сай мамандар даярлау. Осы орайда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің жоғары сапаға қол жеткізуге деген ұмтылысы студенттердің кәсіби …

КӘСІП ИГЕРГЕННІҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ Read More »

БАЛУАНДАР ЖАТТЫҒУ БАЗАСЫНА ИЕ БОЛДЫ

Қазақ күресі – төл спортымыз. Соңғы жылдары ұлттық жекпе-жек түрі қайта жанданып, қарқынды даму үстінде. Былтырғы жылдың наурыз айында Петропавл қаласында құрылған “Қызылжар арландары” спорт клубы соның бір айғағы десек те болады. Клуб өкілдері өздерінің жеке ғимараты болмағандықтан, бұған дейін облыс орталығындағы бірнеше спорт залда жаттығып келген болатын. Енді, міне, көптен күткен мәселе шешімін тауып, …

БАЛУАНДАР ЖАТТЫҒУ БАЗАСЫНА ИЕ БОЛДЫ Read More »

ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМЫМЕН ҚУАНТТЫ

Облыстық қуыршақ театры отызыншы маусымының ашылуына орай тұңғыш рет қазақ тілінде «Сақ болыңдар, бауырсақтар» атты ертегісін сахналады.