«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 15.10.2019

ОБЛЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

  Облыстық кәсіпкер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің өкілдері өңіріміздің ардагерлеріне арнап Халықаралық қарттар күні не орай дастарқан жайып, ас берді. Бұл шараға зейнет жасындағы 20 адам қатысты. Олардың барлығы да құрметті еңбек демалысына шыққанға дейін сан алуан салада қызмет атқарған.  – Ардагерлер, қарттар мен қариялар асыл қазынамыз болып саналады. Себебі, олар зейнеткерлікке дейін еліміздің, …

ОБЛЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ Read More »

КӨЗДІҢ ЖАУЫН АЛАТЫН ТРОПИКАЛЫҚ КӨБЕЛЕКТЕР

  Облыс орталығындағы “Сити Молл” сауда-ойын-сауық орталығында тропикалық көбелектердің көрмесі өтуде.Мұнда аталмыш жәндік түрлерін тамашалау үшін келушілердің қарасы қалың.  Көздің жауын алатын көбелектер көрмесі павлодарлық әуесқойлардың бастамасымен өткізілуде. – Жәндіктердің бұл түрі зиянды емес. Біз оларды Филиппин аралдары мен Коста-Рикадан ұшақпен әкелдік. Ауа райы ыстық мемлекеттерде мекендейтін жәндіктер жоғары температураға үйренген. Бірақ көбелектердің барлығы бірдей …

КӨЗДІҢ ЖАУЫН АЛАТЫН ТРОПИКАЛЫҚ КӨБЕЛЕКТЕР Read More »

АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ФОРУМЫ

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Петропавлдағы “Алтын орда” мейрамханасында ауыл әйелдерінің форумы өтті. Оның аясында бизнес саласында жетістіктерге жетіп, өз ісін дөңгелетіп отырған қыз-келіншектер ауылды өркендету бойынша өз ойларымен бөлісіп, кәсіпкерлік саласы арқылы елді мекендерді дамытудың маңыздылығына тоқталды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев қатысты.

ӨЖЕТ ӨРТСӨНДІРУШІЛЕР

  Жуырда облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камаловтың атына Тайынша қаласының тұрғыны Лео­нид Эдмундовичтен хат келді. Онда автор оқыс оқиға барысында жедел қимылдап, кәсіби шеберлік көрсете білген аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің өртсөндірушілеріне алғысын білдірген.  “Көк түтін тұмшалап, пәтерден шыға алмай қалдым. Маған көмек көрсеткен құтқарушылар Тимур Шаймерденов пен Нұржан Хамзинға …

ӨЖЕТ ӨРТСӨНДІРУШІЛЕР Read More »

СОТТАЛҒАНДАР ДА ТІРКЕЛЕДІ

2020 жылдың қаңтарынан бастап барлық қазақстандықтарға медициналық ұйымдардағы қызмет медициналық көмектің кепілді көлемін алу және міндетті медициналық сақтандыру аясында көрсетілетін болады. Міндетті тегін көмек еліміздің барлық тұрғындарына, соның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарға да көрсетіледі.

ЖҰҚПАЛЫ АУРУ

  Біздің өңірімізде құтырма ауруының табиғи ошағы бар. Оның эпизоотиялық белсенділігі қыс-көктем мезгілдерінде байқалады. Жабайы жануарлар қауіпті вирусты ит пен мысыққа жұқтырады. Соның салдарынан адамдардың ауруға шалдығу қаупі артады.  Өткен жылы өңірімізде жануарлардан зардап шеккен 1388 адам медициналық көмекке жүгінді.  Биыл облыс аумағында аталмыш ауру тіркелген жоқ. Алайда, бұрын Тимирязев, Шал ақын, Аққайың, Ғабит Мүсірепов …

ЖҰҚПАЛЫ АУРУ Read More »

ҚАМҚОРШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ КӨМЕГІ

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕС-164/1 мекемесіне қамқоршылық кеңесінің өкілдері – облыстық әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру және жұмыспен қамту басқармасының бас маманы Лариса Шереметьева мен облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және заң жұмысы бөлімінің бас маманы Жандос Есмиев келді.

МЕКТЕП ЖАНЫНАН ҚОР ҚҰРЫП, АҚША ЖИНАҒАН

  Үстіміздегі жылы тамыз конференциясында облыс әкімі Құмар Ақсақалов мұғалiмдер мен ата-аналардан ақша жинаған басшылардың қатаң жазаланатынын ескерткен болатын. “Бюджеттен бөлінетін қаржы жеткілікті. Мұндай фактілер жайлы “Facebook”, “Instagram” әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшама хабарлауға болады. Тек­серіс нәтижесінде ақша жиналғаны расталса, басшыларды жазалаймыз”, – деген облыс әкімі мектеп директорлары мен бiлiм бөлімі басшыларына жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды. …

МЕКТЕП ЖАНЫНАН ҚОР ҚҰРЫП, АҚША ЖИНАҒАН Read More »

АЯСЫ КЕҢ

  Қазіргі таңда елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша кең ауқымды шаралар жүргізілуде. Осы бағытта №2 қалалық емханада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өткенді жөн көріп отырмын.  Емдеу мекемесі сексен мың­нан астам адамға медицина­лық көмек көрсе­теді. Емханада ау­рулардың алдын алу, өлім-жітім көрс­еткішін азайту мақса­тында жүйелі жұмыс атқарылуда. Алғаш­қы ме­дициналық көмек жиі кездесетін …

АЯСЫ КЕҢ Read More »

“ЗАҢ КЕРУЕНІ” АКЦИЯСЫ

Мағжан Жұмабаев ауданында облыстық прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен “Мәңгілік ел “Заң керуені” акциясы өткізілді.

ӨМІРІМНІҢ ӨЗЕГІ

  Жалғызаяқ сүрлеуден – даңғыл жолға   … Бір аспанның астында, бір қалада тұрмыс кешсек те, біз – ардагер қаламгер­лер – қым-қуыт тіршіліктің құрсауынан шы­ға ал­маймыз, басымыз үнемі қосыла бер­мейді. Жыл – он екі айда – бір төс түйісті­ретін күніміз бар. Ол – Қарттар күні. Таң ат­қаны, күн батқаны қас пен көздің арасында өтетін уақыт …

ӨМІРІМНІҢ ӨЗЕГІ Read More »

МАҚСАТЫ – ТАТУЛАСТЫРУ

  Өткен жылы еліміздің сот жүйесін жаңғырту мақ­са­тында “Сот жүйесін дамытудың 7 түйіні” атты жо­ба қолға алынған болатын. Со­ның аясында дауды шешудің баламалы тәсілдері заң­намалық деңгейде бекітілді.  Бүгінде облыстық мамандандырылған ауданара­лық экономикалық сотта “Соттағы татуласты­ру рәсімдері” қанатқақты жобасы бойынша жұ­мыс­тарды бір жарым жылдан бері судья Дамир Омаров сәтті жүзеге асыруда. Үстіміздегі жыл­дың өткен то­ғыз айында …

МАҚСАТЫ – ТАТУЛАСТЫРУ Read More »

КУРСТЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

Соңғы жылдары өңірімізде жас кәсіпкерлердің қатары көбеюде. Бұл бағытта мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Биыл өңірдің білім беру мекемелерінде “Кәсіпкерлік негіздері” курстары өткізілуде. Білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік беретін бұл сабақтарға өңір жастары белсене қатысуда. Облыстық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен өміршең болған бұл пән биылғы жылдың оқу бағдарламасына енгізілген болатын. Ол М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан …

КУРСТЫҢ БЕРЕРІ МОЛ Read More »

САНДЫҚ ЖҮЙЕ – САПА КЕПІЛІ

  Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мәселелері – маңызды міндет. Облыстық білім басқармасы мен оған бағынысты ұйымдар 36 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Өткен тоғыз айда көрсетілген қызметтер саны 50 мыңға жуықтады.  Жергілікті тұрғындар арасында сұранысқа ие қызметтердің бірі – бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін …

САНДЫҚ ЖҮЙЕ – САПА КЕПІЛІ Read More »

ҮЙ ИЕСІ ҚАЗА ТАПТЫ

Кеше түс ауа Қызылжар ауданындағы Боголюбово ауылындағы Звенянин көшесінде орналасқан 29-шы үй отқа оранды.

  ЕКІ АУЫЛҒА – АУЫЗСУ

  Тимирязев ауданында eлді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл мақсатта ел бюджетінен 33,2 млн. теңге бөлінді. Атап айтқанда, үстіміздегі жылы “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында Дмитриевка және Дружба ауылдық округтеріне құбыр тарту жұмысы басталған болатын. Жуырда қос елді мекенде ауызсу жүйесі пайдалануға берілді.  Бұл ауылдардың тұрғындары бұған дейін …

  ЕКІ АУЫЛҒА – АУЫЗСУ Read More »

ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТҚАН

  Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалық етуімен өткен әкімдік отырысында үстіміздегі жылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды.  Баяндама жасаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтің айтуынша, өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда тұрғын үй құрылысы – 16,4, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 10, бөлшек сауда – 3,4, ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі – 2,6 …

ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТҚАН Read More »

ҰРЫҒА ЖЕМ БОЛМАУ ЖОЛДАРЫ

Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары қалта ұрыларымен күресті мықтап қолға алып, тіпті тұрғындарға ұрыларға жем болмаудың амалдарын көрсететін ұсыным әзірледі.