«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 17.10.2019

БОЗ КІЛЕМГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Бразилияның астанасы – Бразилиада дзюдодан өткен “Гранд Слэм” турнирі өз мәре­сіне жетті.  Осы жарыста жанкүйерлер әйгі­лі француз балуаны Тедди Ринердің татамиге оралуын тағатсыздана күтті. Лондон мен Рио Олимпиа­дасының жеңімпазы, Бейжің Олим­пиадасының қола жүлдегері, әлемнің 11 және Еуропаның 5 дүркін чемпионы біраз уақыттан бері көрінбей кеткен еді. Ұзақ жылдар бойы әлемдік рейтингте көш бастаған даңқты балуан …

БОЗ КІЛЕМГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ Read More »

МУРАТАМЕН ЖҰДЫРЫҚТАСУЫ МҮМКІН

Кәсіпқой бокстан “IBF” және “IBO” нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин жа­пониялық Рёта Муратамен жұдырық­тасуы мүмкін.  “Boxingnews24.com” сайты таратқан ақ­паратқа сенсек, қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер бұл күндері келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді. Егер қос тарап ортақ мәмілеге келген жағдайда, жанкүйерлер алдағы уақытта Геннадий Го­ловкин мен Рёта Мурата арасындағы жекпе-жекті тамашалауы мүмкін. Күн Шығыс …

МУРАТАМЕН ЖҰДЫРЫҚТАСУЫ МҮМКІН Read More »

АЗАМАТТЫҢ ЖЕҢІСІ

Дағыстанның Хасавюрт қа­ласында еркін күрестен өткен “Құрлықаралық кубок – 2019” до­дасында Қазақстанның танымал балуаны Азамат Дәулетбе­ков бас жүлдені олжалады.  86 килограмм салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз айтулы турнирде шеберліктің шынайы үлгісін көрсете білді. Барлық бәсекеде басымдық танытқан Азамат ақтық кездесуде дағыстандық балуан, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Арсен-Әли Мусалалиевті 8:5 есебімен ұтты. Жалпы бұл жарыста Азамат Дәу­летбековтен …

АЗАМАТТЫҢ ЖЕҢІСІ Read More »

АЛҒАШҚЫ ҮЙІРМЕ

Каратэ – қарусыз қорғануға үйрететін спорт. Оның бірнеше түрі бар. Солардың бірі – ашихара каратэнің біздің елде тарала бастағанына көп уақыт өте қойған жоқ. Соған қарамастан, әр өңірде осы спорт түріне арналған секциялар мен орталықтар ашылуда. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Петропавлда бұл шығыс жекпе-жегіне баулитын алғашқы үйірме өз жұмысын бастады.  Өңірімізде ашихара каратэ A.I.K.O халықаралық …

АЛҒАШҚЫ ҮЙІРМЕ Read More »

ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ ТУЫНДЫЛАР

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қоры жаңа әдебиеттермен толығып отыр.  Кітапханамыз бұл жолы жас оқырмандарға шым-шытырық оқиғаларға толы “Алтын тостағанды іздеу: Бату мен оның достарының бастан кешкендері” атты туынды ұсынады. Бұл кітап бүгінгі заман желісі бойынша экшн мен балалар детективінің элементтері бар фэнтези жанрында жазылған. Кітапханамызда балаларға арналған кітаптың сан түрі бар, …

ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ ТУЫНДЫЛАР Read More »

ЖАЯУ МҰСАНЫҢ “АҚ СИСАСЫ”

Әнші, ақын, композитор Жаяу Мұса Байжанұлының “Ақ сиса“ әнін білмейтін қазақ кемде-кем. Бұл – қазақ музыкасының алтын қорына енген ән. Қазақ топырағындағы теперішті тағдырдан хабар беретін туындының шығуы туралы түрлі пікірлер айтылады.  Жасынан сергек Жаяу Мұса оқу оқып, білім алуға, ән салып, серілік құруға талаптанады. Ауылда қазақша оқып, хат танығаннан кейін енді орысша білім алуды …

ЖАЯУ МҰСАНЫҢ “АҚ СИСАСЫ” Read More »

ТАҒЫ ДА ЖЕҢІЛІС ТАПТЫ

Петропавлдағы Спорт сарайында жергілікті “Құлагер” хоккей командасы қарымта кездесуде теміртаулық “Теміртау” хоккей клубынан жеңіліс тапты.  Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында өткен бұл матчтың алғашқы кезең алма-кезек шабуылдармен басталғанымен, нәтижесіз аяқталды. Ойынның екінші кезеңінде “Теміртау” құрамасы есепті ашты. “Құлагер” хоккей клубы тек үшінші кезеңде есепті теңестіру мүмкіндігіне ие болды. Алайда, ойын жерлестеріміздің мұз айдындағы қателіктерін сәтті …

ТАҒЫ ДА ЖЕҢІЛІС ТАПТЫ Read More »

ТҮСІНДЕ КӨРСЕҢ ПЕРІШТЕ

Қызғалдақ көрсең мені ұқсат, Киікке болып жүрмін ұқсас, Түсіңде көрсең періште, Мені ұқсат, оған мені ұқсат.   Мұнарланып тұрған сағымға Жүгірме жете алмайсың, Аққулар жүзген айдынға Жолама көре алмайсың.   Жапанда тұрған бәйтерек, Енді бүгін жолама Сая болмайды көк терек, Көрінер қайыңнан да ерек.   *** Мен жіберген тағдырдың, Перзенті едім аяулы, Бүгіндері сен салған …

ТҮСІНДЕ КӨРСЕҢ ПЕРІШТЕ Read More »

ҚОС АҚҚУ

Қос аққу келтіреді көлдің сәнін Қатар жүзіп айдынын қиқулатса, Бәйшешек келтіреді жердің сәнін, Айналаны әдемілікпен бір құлпыртса, Қос жүрек – домбыраның қос пернесі, Бірінсіз шықпайды ғой жақсы үні, Қос арман ақ шамдай боп жарқыраса, Ашық болар аспаны, арай күні. Көп тілек айтылар-ау осы кеште, Бала кез, дос-құрбылар түседі еске, Жолдарын тауып қазір кетіп жатыр, Бақыт …

ҚОС АҚҚУ Read More »

АУЫЛ

Шағын ауыл, мектебі де шағын-ақ, Отырмын мен ауылыма жыр арнап, Жүрген жерде Үлгіменен бір қатар, Айтуар да жүреді бірге жыр қалап.   Осы жерде жаздым тұңғыш өлеңді, Көп уақыт тосқан еңбек төленді, Кетермін алыс жерге, қалаға, Тартар бірақ бір магнит мені осы далаға.   Әлі шығар атағым, атым қалар Бәйгені талай жеңіп өлең алар, Бірақ …

АУЫЛ Read More »

ӨКІНІШ

Өзектегі өкініш пе, өтініш пе білмедім?  Үміт отын келмейді бірақ үрлегім, Қалт-қалт етіп әлсіз жарық тұр әлі, Жанарын да, білмеймін ғой сөнерін.   Сағыныштың табы да ыстық қандай, Деміне жүрек сорлы тұншыққандай, Дуалап басымды сен кеттің бе екен, Не көрінді сонша ынтыққандай.   Көрінбеші өзің де, елесің де, Ұмытқым келді сені сенесің бе, Бірақ, бірақ …

ӨКІНІШ Read More »

АЙЫБЫҢДЫ АЙТАЙЫН

Ұмытып тілін, дінін, шыққан тегін, Қазағымның көбейткен “мәңгүрттерін”. Халқымның жер бетінен аты өшсін деп,  Жырымдап, тілімдеген туған жерін.   Секілді бұ халқымды басынғаны, Осыған жаным сонша ашынғаны. Қазақтың қазақ болмай қойдай жуас, Өзгенің табанында жаншылғаны.   Алып тынып ардақты мен сыйлысын, Тұншықтырған жақсылар мен игісін. Дегендейін басы болмай бәсі жоқ, Қалғанына қара түнек бұйырсын.   …

АЙЫБЫҢДЫ АЙТАЙЫН Read More »

ҚҰМАРТҚАН ЖЫР-ӨЗЕНГЕ ҚАСЫМДАЙЫН

Бәрібір жасымаймын Бәрібір жасымаймын, басылмаймын Құмартқан жыр-өзенге Қасымдайын, Бір күні ақ аспанды жарқ еткізіп, Жалт қаратқан әлемді жасындайын.   Білемін тор құруға қасым дайын, Халқым да сезінер ме ақын жайын, Екіталай өлара туған шақта Шындық үшін біреуге басым дайын.   Тағдыр бірақ қапамен қыстамасын, Дүниені өтірікпен тыстамасын, Туғаннан жалын шашып туған жанды, Қыспақтың шеңберінде ұстамасын. …

ҚҰМАРТҚАН ЖЫР-ӨЗЕНГЕ ҚАСЫМДАЙЫН Read More »

АТА-АНАҢДЫ ҚАДІРЛЕ

Еліріп қарының тоқтығына, Тәубе етпей уайымның жоқтығына Әке менен шешені лақтыра сап, Ұмтылады дүние-мүлік боқтығына.   Сыпайы сәлемдесіп иіледі, Көре алмай бірін-бірі күйінеді Айтыңдаршы есің болса, о ағайын, Не деген ары барға күйік еді. *** Жас та болсам ағайын, Қоңырауын әлем қағайын Жүректе жатқан шеріңнің, Тамырын басып, табайын. Ыстық жас көрдім анадан Бөлмеге жалғыз қамалған. …

АТА-АНАҢДЫ ҚАДІРЛЕ Read More »

МАХАББАТ

Мен саған өкпе артпаймын Бұлдамаймын махаббатымды  сатпаймын, Мөлдір суға лай түсіргің келді ме? Ақ жүрекке дақ түсіргің келді ме? Естідің бе махаббаттың болады киесі, Тек аяулы жандар оның иесі, Қасиетті махаббаттың менің дағы Өшірілгенді саған оның салған дағы.   Жүрегімде махаббаттың жебесі, Көңілімде жүзіп жүрер кемесі, Ие емеспін, оны тағдыр біледі, Сақтанып жүр барып саған …

МАХАББАТ Read More »

БАҚЫТҚА АСЫҒУ

Өмір алда биігі, белесімен, Жеңілісі, қызықты жеңісімен, Өзгеден ерек бақытты сұрамаймын Бақытқа бірақ ұмтылмай тұра алмаймын.   Кей кезде қара бұлтпын қабақ түйген, Кей сәтті бір сорлымын аузы күйген, Бірақ та сеземін достарымның  көзқарасын, Тағдыр мырза осыған бақыт үйген.   Бар менің қателігім, кемшілігім, Болмас-ау онсыз қызық тіршілігім, Бір ісіме мұңайып сәл түңілсем Бір ісімнен …

БАҚЫТҚА АСЫҒУ Read More »

РАҚМЕТ

Рақмет, жандар мейірімді, шуақты, Алып келем өздеріңнен қуатты, Ақ көңілдің қуанышы, наз-мұңы, Қалам беріп қолыма менің жырлатты.   Дем аламын қиналған сәттерімде, Өздеріңнен тек шаттық күтемін де, Көңіл қалса елде бір арамзадан Сендерді ойлап шүкіршілік етемін де.   Алыс жолда саз, батпақ шаршамаймын, Қиын қыстау кезеңде тайсалмаймын Бірақ сіздерді ойлап, бір толғанбай Ешбір таңды жайбарақат …

РАҚМЕТ Read More »

АҚИЫҚ СҰҢҚАРЛАРЫМ, ТҰЛПАРЛАРЫМ

Сәкенім, Ілиясым, Бейімбетім, Сендерсіз өзге түгіл дала жетім, Аямай жерге қалай көмді екен, Қазағым жұлып алған жүрек етін.   Ақиық сұңқарларым, тұлпарларым, Ойымды осылайша тұспалдадым, Тарихтың бетінде тұр қара дақ боп, Жазықсыз жерге тамған пәк қандарың.   Сондықтан далам болып күңіренем, Сондықтан балаңмын мен еңіреген, Бетімді сипай соққан ақ самалға, Сендерді жырлаймын деп күбірлегем. 

АЛМАТЫҒА КЕЛГЕН КЕЗ

Бәрібір мен сіздерден жасқанамын Беймағұлым сыры маған астананың, Бесіктен тыңдап өскен аспан әнін, Өнерге құмартушы жас боламын.   Әрине көрсетуге жас қаламым, Тұсауы кесілмеген жас қадамым, Даладан ала келдім жыр садағын Оқытса енді қала жыр сабағын.