«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.10.2019

БЕСІНШІ ҚАБАТТАН СЕКІРІП, КӨЗ ЖҰМДЫ

Облыс орталығында 40 жастағы ер адам бесінші қабаттың терезесінен секіріп, өз-өзіне қол жұмсады.  Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, ол 10 қазан күні тексерістен өту үшін облыстық фтизиопульмонология орталығына жеткізілген. Оның алдында екі аптадан астам уақыт спирттік ішімдік ішкені белгілі болды. Туберкулез диспансерінде төрт күн болғаннан кейін науқастың ойына сан түрлі ойлар келе …

БЕСІНШІ ҚАБАТТАН СЕКІРІП, КӨЗ ЖҰМДЫ Read More »

ЖАУЫНГЕР АТАСЫНЫҢ АРУАҒЫНА ТАҒЗЫМ

Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына – 74 жыл. Осы зұлмат жылдары қаншама жауынгер болашақ ұрпаққа бейбіт өмір сыйлау үшін қасық қаны қалғанша неміс фашистерімен соғысып, қаза тапты. Мысалы, 1940 жылдардың басында Жамбыл ауданының Ортақшыл ауылынан 33 сарбаз қан майданға аттанып, үйлеріне қайта оралмады. Жерлес боздақтардың ерлігін мәңгі есте сақтау үшін бұл елді мекенде ескерткіш орнатылғаны …

ЖАУЫНГЕР АТАСЫНЫҢ АРУАҒЫНА ТАҒЗЫМ Read More »

20 ҚАЗАН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АСПАЗДАР КҮНІ

20 қазан барша әлем аспаздары өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Осы күнге орай облысымыздағы рестораторлар мен отельерлер қауымдастығы Петропавл құрылыс-экономикалық колледжімен бірлесіп салтанатты шара ұйымдастырды. 

ЕСКЕРТУ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!  “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 19 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескертеді. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.  Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.    Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі …

ЕСКЕРТУ Read More »

БІРЖАННЫҢ БӘЙГЕСІ

Ақын, әнші, композитор Біржан салдың 185 жылдығы және Балуан Шолақтың 155 жылдығына арналған “Арқа әуендері” атты аймақтық дәстүрлі әндер байқауында жерлесіміз Біржан Есжан бас жүлдені жеңіп алды.

ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ

Солтүстік Қазақстан облысының іскер əйелдер қауымдастығы “Мерейлі отбасы” мемлекеттік əлеуметтік жобасы жəне “Қоғамдағы қазақстандық отбасының имиджі” шарасының қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдау өткізді. 

ЛОНДОННАН ОРАЛДЫ

Маусымның 25-і мен 27-і аралығында Нұр-Сұлтан қаласында аяэроғарыш тақырыбында «Nazarbayev Fund Schools Challenge-2019» байқауының ақтық кезеңі өткен болатын. Конкурсқа қатысуға еліміздің түкпір-түкпірінен 20 команда ниет білдіріп, өз білімдерін сарапқа салды. Олардың арасында өңіріміздегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары да бар. 

ЕКПЕ ЖАСАЛМАҒАН БАЛАЛАР БАЛАБАҚШАЛАРҒА КІРГІЗІЛМЕЙДІ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин екпе жасалмаған балалар балабақшаларға кіргізілмейтінін мәлім етті. 

“АРДАГЕРГЕ” ҚҰРМЕТ

Петропавлдағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Ардагер” атты клубтың құрылғанына отыз жыл толуына орай салтанатты жиын өтті.

БІЛІМ ОРДАСЫНА – 75 ЖЫЛ

Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы аясында және есту қабілеті нашар балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың 75 жылдығына орай білім ордасында “Мен әлемді естимін” атты “Ашық есік” күні өтті.  Шараға Петропавл қаласындағы инклюзивті сыныптары бар  тәрбие ошақтарының оқушылары қатысты.  Мектеп директоры Жеңіс Әбілмәжіновтің айтуынша, қазір мұнда 3 және 18 жас аралығындағы 100-ден астам шәкірт білім алуда. Мекеменің …

БІЛІМ ОРДАСЫНА – 75 ЖЫЛ Read More »

БІРЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

Сәбит Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада “Ұлтаралық және конфессияаралық келісім – Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістігі” атты “дөңгелек үстел” отырысы өтті.

БІРЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

Сәбит Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада “Ұлтаралық және конфессияаралық келісім – Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістігі” атты “дөңгелек үстел” отырысы өтті.

ЖАС СПОРТШЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСУ

Спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық және оның алдын алу мәселесі облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінде өткен кездесу барысында әңгіменің өзегіне айналды. Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин, “WBA “SUPER”, “IBO”, “ЕВU” тұжырымдары бойынша әлемнің экс-чемпионы, еліміздің және өңірдің әйгілі былғары қолғап шебері, Камиль Сафин атындағы бокстан мамандандырылған балалар мен …

ЖАС СПОРТШЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСУ Read More »

200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАДЫ

Қазақстанда 2020 жылы 200 теңгелік монета айналымға шығады. Ұлттық Банктің маңызды міндеттерінің бірі – қолма-қол айналымда жүрген ақшаның сапасын қамтамасыз ету. 

ҰРЫҒА ЖЕМ БОЛМАУ ЖОЛДАРЫ

Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары қалта ұрыларымен күресті мықтап қолға алып, тіпті тұрғындарға ұрыларға жем болмаудың амалдарын көрсететін ұсыным әзірледі.

БОЛАШАҚ САРБАЗДАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшылығы аудандардан келген әскерге шақырылушылардың ата-аналарымен кездесу ұйымдастырды. Болашақ сарбаздардың ата-аналарымен кездесуді департамент бастығы полковник Талғат Әліқұлов әскери өмірдің қыр-сырымен таныстыра отырып, еркін әңгіме түрінде өткізді.

ҮШ БӘЙТЕРЕК

Петропавл қаласындағы №7 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша онкүндік аясында Сәкен Сейфуллиннің, Ілияс Жансүгіровтің және Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.

ҮЙІНЕН ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ

Аққайың ауданының орталығы Смирново ауылының 50 жастағы тұрғыны синтетикалық есірткі затын сатты деген күдікпен ұсталды.