“ВАЙНАХ” – ПЕТРОПАВЛДА
Өңірімізге гастрольдік сапармен Шешен республикасынан «Вайнах» мемлекеттік би ұжымы келді. Тау халқы ансамбльдің алтын қорындағы билерін солтүстікқазақстандық өнерсүйер қауымның назарына ұсынды.
Өңірімізге гастрольдік сапармен Шешен республикасынан «Вайнах» мемлекеттік би ұжымы келді. Тау халқы ансамбльдің алтын қорындағы билерін солтүстікқазақстандық өнерсүйер қауымның назарына ұсынды.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоселов орта мектебінде “Қарттарым – асыл қазынам” атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Шара аға ұрпақ өкілдеріне арналған концерттен бастау алды.
Құрметті солтүстікқазақстандықтар! “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 22 қазан күні өңір аумағында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күні кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады. …
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада оқырмандарға қорға келіп түскен жаңа әдебиеттер таныстырылды.
Петропавл қаласынан шыға берістегі айналма жолда жол-көлік оқиғасы орын алды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, Надежка ауылына бара жатқан жолаушылар автобусы “ГАЗ-3307” автокөлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан қоғамдық көліктің үш жолаушысы жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, үйлеріне жіберілді.
Жастар сарайында облыстық филармонияның ұйымдастыруымен халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Президент оркестрінің әншісі Айзат Қарабектің “Өмірім – өнерім” атты жеке концерті өтті. Өнердің өрісін кеңейтіп, бекзада әннің бүлкілімен, киелі домбыра күмбірімен ел ықыласына бөленіп жүрген әнші шығармашылық кешінде көпке танымал әндерді тамылжыта орындап, қызылжарлық тыңдарманға ұмытылмас әсер сыйлады. Бибігүл Төлегенова …
Нұр-Сұлтан қаласында Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтті. Айтулы шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты. Елордадағы жәрмеңкеге жүзден астам жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардан 700 тоннадан астам өнім жеткізілген. Қала тұрғындарына үздік өнімдердің жүзден астам түрі ұсынылды. Мәселен, ет және ет өнімдері, кондитерлік өнімдер мен шұжық, жарма түрлері, қымыз, бал, көкөніс пен картоп сатылды. …
Қыркүйек айының ортасында елімізде “Учаске” жедел-алдын алу шарасы бастау алды. Оның барысында учаскелік инспекторлар қалалардағы үйлерді және пәтерлерді аралап, жергілікті тұрғындармен кездесіп, олар туралы мәлімет жинап, өздерін таныстырады. Облыс орталығында 79 мыңнан астам пәтер және 14 мыңнан астам жеке тұрғын үй бар. 15 қыркүйектен бері Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері 17 мыңнан астам пәтерді аралады. …
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі, полиция подполковнигі Динара Сағындықова Ресей Ішкі істер министрлігінің “Щит и перо” халықаралық конкурсының жеңімпазы атанды.
Петропавлда психотроптық заттар мен есірткі тарататын сайттарды жарнамалаған 18 жастағы қыз жазаланды. Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ақпаратына сүйенсек, қаланың 18 жастағы тұрғыны әкімшілік құқық бұзды деп танылып, оған 10 күнге қамау түріндегі жаза белгіленген. Іс материалдарына қарағанда, қыркүйектің басында қыз Жұмысшылар кентіндегі ғимарат қабырғаларына қара маркермен түрлі жазулар жазған. Жазбаларда психотроптық заттар мен …
Жергілікті полиция қызметі және әкімшілік полиция қызметкерлері жолаушылар көлігін жүргізушілерді толғандырған мәселелер туралы өз ауыздарынан естігенді жөн көрді. Полицейлер мен жүргізушілердің кездесуі автобус парктарында өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке қарқынды дамыған және инклюзивті экономика құру бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді. “Қазақстан экономикасы жаһандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан алға ілгерілеп келеді. Жыл басынан бері оның өсімі орташа әлемдік көрсеткіштен жоғары болды. Егер қажетті құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырсақ, 2025 жылға …
Жуырда“Береке” шағын ауданындағы мектептердің қасына екі жаңа бағдаршам орнатылмақ. Бұл жөнінде «Жолда қабылдау» акциясы барысында айтылды. Солтүстікқазақстандықтардан келіп түскен сұрақтардың басым бөлігі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты болды. Сұрақтарға облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Думан Таев, жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция, көші-қон қызметі басқармасы және процессингтік орталықтың басшылығы жауап берді. Қабылдаудың алғашқы …
Құтқарушы күні қарсаңында Жастар сарайының алдында өрт-құтқару техникаларының көрмесі өтті. Шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, төтенше жағдайдың алдын алу қызметінің дайындығын сұрап білді. Көрмеде өрт сөндіру техникалары, жол талғамайтын “Трэкол” көлігі, құтқару катері, өрт-техникалық зертхана, автоматты сатысы бар көліктер қаз-қатар тізілді. Сондай-ақ, өртсөндірушілер мен құтқарушылардың жабдықтары жұртшылықтың назарына ұсынылды. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің …