«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 23.10.2019

ҒИМАРАТ ҚҰРЫЛЫСЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

Өңірімізде “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағын құруға 192 гектарға жуық жер бөлініп отыр. Бүгіндері Петропавл қаласының “Береке” шағынауданында орналасатын №2 экономикалық аймақ субзонасының құрылысына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов осы және өзге де құрылыс нысандарында болып, жұмыс барысымен танысты. 

«ӘЛЕУМЕТТІК» НАН ҚЫМБАТТАМАЙДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен аптада «әлеуметтік» нан бағасының өсуіне байланысты Үкімет пен әкімдерге шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Соның нәтижесінде барлық деңгейдегі билік өкілдері бұл мәселені шешу жолдарын қарастыруда.

ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ

Ел бойынша «ТЕҢ ІТ – мүмкіндіктер әлемі» атты жоба басталды. Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпараттық теxнологиялар саласындағы біліктілігін жетілдіруді көздейді.

ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ – ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

Өңірдегі өрт оқиғалары және оны болдырмау үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселесі облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өткен баспасөз мәслихатында әңгіме өзегіне айналды. Оған азаматтық қорғау саласындағы апаттар тәуекелдерін азайту және бақылау басқармасының бастығы Игорь Балеев және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.  Игорь Анатольевичтің айтуынша, биыл облыста 554 өрт оқиғасы тіркелді. Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл …

ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ – ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ Read More »

ШАШУБАЙ МАЛДЫБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырмандары жерлесіміз, сазгер, журналист Шашубай Малдыбаевпен кездесті. Өңіріміздің мәдениеті мен өнерінің және қазақ тілінің дамуына үлес қосқан жерлесіміз өзінің отбасы, шығармашылығы туралы баяндап, оқырмандарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Қатысушылар автордың өзінің орындауында «Немере», «Майра» т.б. әндерін тыңдап, жақсы әсер алды.   

ПАРА АЛҒАННЫҢ АЙЫБЫ ДАЙЫН

Өңіріміздегі алғашқы “Ашық әкімдік” фронт-кеңсесі Шал ақын ауданында іске қосылған болатын. Тұрғындардың мемлекеттік қызметті алуын оңтайландырған жобаны жетілдіру мақсатында көпбейінді “Smart Shalakyn” мобильді қосымшасы іске қосылмақ. Осы қосымша арқылы аудан тұрғындарының ақпараттық сауаттылығын арттырып қана қоймай, сервистердің қолжетімділігін қамтамасыз ету көзделіп отыр.  Дегенмен, мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа жол беретіндер аз емес. Мәселен, облыстық сыбайлас …

ПАРА АЛҒАННЫҢ АЙЫБЫ ДАЙЫН Read More »

СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындысы бойынша Айыртау ауданының әкімі Бейбіт Исманов пен облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Мұхамедиевке – сөгіс, ал Жамбыл ауданының әкімі Мұратбек Әбішевке қатаң сөгіс жариялады.  

КҮШ БІРІКТІРУ КЕРЕК

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы Рамиль Камаловтың төрағалығымен селекторлық режімде өткен жедел кеңесте ведомстволық бөлімшелер мен өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің басшылары хабарлама жасап, биылғы жылдың үшінші тоқсанындағы жұмыс қорытындыланды, сондай-ақ алда тұрған міндеттер айқындалды. Жиында қызмет барысындағы түйінді мәселелер туралы айтылып, оларды талқылауға барлық қызметкерлер белсене атсалысты, алдағы мақсаттарға жету жолдарын ұсынды.

КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ЖҰМЫС КЕРЕК

Биыл кәсіптік-техникалық білім беретін 25 колледжді тамамдаған 3539 түлектің 2331-і жұмысқа орналасса, 301 адам екі қолға бір күрек таба алмай жүр. Айыртау, Есіл, Қызылжар және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда колледж түлектерін жұмысқа орналастыру сылбыр жүргізілуде. Әсіресе, жұмыс берушілердің жас маманнан еңбек өтілін талап етуінен, еңбекақының аздығынан түлектер тұрақты жұмыс таба алмай отыр. Әрі жұмыс берушілердің түлектердің …

КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ЖҰМЫС КЕРЕК Read More »

ТҮРМЕДЕГІ БІР КҮН

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕС-164/3 мекемесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанттарымен таныстыру сабақтары ұдайы өткізіліп тұрады.

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ

Ендігі жылы да осыған дейін арзандатылған коммуналдық қызмет ақылары қымбаттамайды. Өңірімізде коммуналдық қызмет ақысын төмендету және оларды бір деңгейде ұстап тұру үшін жыл бойы жүйелі жұмыс атқарылғаны белгілі. Нәтижесінде электр қуатының бағасы – 9,3 пайызға, жылу – 1,1 пайызға, су – 9,2 пайызға, кәріз жүйесі – 3,4 пайызға, қоқысты шығару және ПИК қызметі 5 пайызға …

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ Read More »

ӘЛЕУМЕТТІК НАН – 61 ТЕҢГЕ

Үстіміздегі жылы республика бойынша бидайдың шығымы қуанта қоймағаны белгілі. Осыған орай алтын дәннің құны күрт өсіп, нан бағасы қымбаттады. Десек те, біздің өңірде ас атасының бағасын тұрақтандыру үшін жасалған алдын алу шараларының арқасында дүкен сөрелерінде әлеуметтік нанның бағасы 61 теңгеден аспайды деген үміт бар.

АЛАЯҚҚА АЛДАНБА!

Қазан айы басталғалы төрт солтүстікқазақстандық телефон алаяқтарының құрбанына айналды.

“ҚАУІПСІЗ ЖОЛ” БАСТАЛДЫ

Өңірімізде қазанның 21-і мен 27-сі аралығында “Қаупісіз жол” жедел-алдын алу шарасы өткізілуде. Оның алғашқы күнінде-ақ жолда жүру ережесін бұзудың 332 дерегі анықталды. Оның 53-інде белгіленбеген жерден немесе бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған кезде жолды кесіп өткен жаяу жүргіншілер кінәлі. Сондай-ақ, кейбір көлік жүргізушілері жолда телефонмен сөйлескені және қауіпсіздік белбеуін тақпайтындығы белгілі болды. Мас күйінде рульге …

“ҚАУІПСІЗ ЖОЛ” БАСТАЛДЫ Read More »

ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ДОДА

Петропавлдағы “Жеңіс” олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде шинкиокушинкай каратэден есімі облысымызға белгілі марқұм бапкер Олег Алексеенконы еске алуға арналған қалалық ашық турнир өтті. 

ШАҒЫН ФУТБОЛ ОЙНАДЫ

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда Құтқарушы күніне орай аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім мен 16-шы өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері шағын футболдан кездесу өткізді. Турнирге алаңа иелеріне қоса, Шал ақын, Тимирязев және Айыртау аудандарының құтқарушылары қатысты.

АППАРАТ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен және облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтың өкiмiмен Олжас Нұрланұлы Ыдырысов Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы болып тағайындалды.

ЕСКЕРТУ

“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 23 қазан күні түнде оңтүстік-шығыстан, батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20, күндіз кей жерлерде 23-28 метрге, ал 24 қазанда желдің екпіні секундына 15-20, күндізгі уақытта 23-28 метрге жетуі мүмкін екенін ескертеді. 23-24 қазан күндері өңір аумағында кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде.  Облыстық төтенше …

ЕСКЕРТУ Read More »