«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 29.10.2019

АР-НАМЫСТЫҢ ШЫРАҒЫ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жазушы, сыншы, аудармашы, қоғам қайраткері Герольд Бельгердің туғанына 85 жыл толуына орай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.  

ҚАРЫШТЫ ҚАДАМДАР

Солтүстiк Қазақстан облысында “Цифрлық Қазақстан” мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру былтырдан бастап бiлiм беру, денсаулық сақтау, қауіпсiздiк, көлiк және басқару саласы сияқты бес басымды бағытта жүргiзiлiп жатыр. Биыл осы бағыттарға “Ақылды қаланың” алты компоненті қосымша енгізілді. Олар – ақылды басқару, әлеуметтік сала, экология, бизнес пен құрылысты дамыту және ауыл шаруашылығы. Осы жобалардың жүзеге асуы облыс тұрғындарының …

ҚАРЫШТЫ ҚАДАМДАР Read More »

ТЕРІС БАҒЫТТАҒЫ АҒЫМДАР – ҚОҒАМҒА ҚАУІП

Тарихқа зер салар болсақ, дәс­түрлі Ислам шеңберінен шы­ғып кеткен ағымдар аз болма­ған. Олардың кейбірі уақыт өте келе жойылғанымен, идеология­лары мен қағидаларының тамы­рына балта шабыла қойған жоқ. 

МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

1 қарашадан бастап «Тұрғылықты жерден мекенжай анықтамасын беру» мемлекеттік қызметі тоқтатылады. Азаматтың мекенжайы туралы мәліметті енді жеке және заңды тұлғалар «электрондық үкімет» порталы арқылы ақпараттық жүйелерден алатын болады.  

ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІК

Жақында Алматы қаласында Қазақстан халқының этникалық-дәстүрлі медицинасына арналған «Ұлы дала емі» атты І Ұлттық конференциясы өткен болатын. Айтулы шараға қатысқан жерлесіміз, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты невропатолог дәрігер Сәуле Макина дәстүрлі медицинаны дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы медальмен марапатталды.

БІЛІМДІ ДЕ БІЛІКТІ БАСШЫ

Соңғы жылдары мұғалім мәр­те­бесі, абырой-беделі жайлы жиі айтылып жүр. Шынымен де, өзін өзгелерге сыйлата алатын тәлім­гердің сын-сипаты қандай болуы керек деген сауал туындаса мен ойланбай-ақ Сайран Мұстафина­ны айтар едім. Ол – ұзақ жылдар­дан бері білім беру саласының ыстығына күйіп, суығына төзіп жүр­ген жандардың бірі. Жылдағы дәстүрге сай Мұғалім күні мерекесіне орай өңіріміздің үздік ұстаз­дарына құрмет …

БІЛІМДІ ДЕ БІЛІКТІ БАСШЫ Read More »

СҮЙІКТІ КӘСІБІ – ТЕМІР ЖОНУ

Петропавл қаласындағы “Көпбейінді жабдықтар зауыты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде еңбек ететін Жұмажан Ахметжановты әріптестері ерекше құрметтейді. 

ГАЗЕТ СӨЗІ – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ ӨЗІ

Өңіріміздегі қазақ тіліндегі жалғыз облыстық басылым – “Soltústik Qazaqstan” газеті елдің шетінде, желдің өтінде тұрған қасиетті Қызылжар жұртшылығының рухани ақылшысы іспетті. Басылым алдағы жылы өзінің 100 жылдығын атап өтпек. Бұл дата бар саналы ғұмырын қарашаңырақтың өсіп-өркендеуіне арнаған ардагер журналистер, болашағын газетпен байланыстырған тілшілер қауымына ғана емес, оқырмандар үшін де айтулы оқиға болмақ. Өйткені, есімдері өңірімізге …

ГАЗЕТ СӨЗІ – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ ӨЗІ Read More »

QANAT USHSA QATAIADY

Tımırázev aýdanyndaǵy Jarqyn orta mektebiniń “Shabyt” dombyrashylar ansambli Nur-Sultan qalasynda ótken respýblıkalyq “JasStar” festıvaline qatysyp, laýreat atandy. 

СОТ ТӨРАҒАСЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы әр дүйсенбі күні сағат 17.00-ден сағат 18.30-ға дейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. 

ҚОРЖЫНЫМЫЗДА – 22 МЕДАЛЬ

Ресей Федерациясының Барнаул қаласында кекушинкай каратэден XVIII Еуразия кубогы өтті. Аталмыш жарыста еліміздің және Ресей Федерациясының 7 және 17, 18 және одан жоғары жас аралығындағы мыңға жуық спортшысы бақ сынасты. 

ҚАЙСАР МІНЕЗДІ МАРИНА ҚАРАҚШЫЛАРДЫ ҚҰРЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСТІ

    Облыстық полиция департаментіндегі 2-ші арнайы бөлімнің басшысы Марина Алексакина жұмыс уақытының түскі үзілісі кезінде үйден шыққан кезде екі адамның көшеде жатқан кісінің қалталарын ақтарып жатқандығының куәсі болды. Мұны бірден байқаған ішкі істер органдарының қызметкері дереу “102” телефон нөміріне хабарласып, көрген оқиғасы туралы хабарлайды. 

ЗАМАНАУИ ӘДІС – ТИІМДІ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында «Воспитание с изюминкой» халықаралық қашықтық конкурстың қорытындысы шығарылды.

ЖАСТАРҒА – МОЛ МҮМКІНДІК

Өңірімізде бизнес-жоспарларын жүзеге асыру мақсатында 250 жас кәсіпкер өз ісін бастап, қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. Жалпы “Жас кәсіпкер” жобасының екі кезеңінде 600 адам білім көкжиегін кеңейтті. 

ІЗ-ТҮЗСІЗ ЖОҒАЛҒАН БАЛА ТАБЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавл көшелерінде кезекшілікте жүрген сарбаздар Жандос Қуанышев, Азамат Ақышев және Мейрамбек Тұрсынбай із-түзсіз жоғалып кеткен 10 жасар баланы тауып алды. Жеткіншек аутизмге шалдыққан болып шықты. Ол Потанин көшесінің бойымен көпірге қарай жүгіріп бара жатқан жерінен табылып, қалалық полиция басқармасына жеткізілді.  Kazinform.  

ТҰЗ БЕН СПАЙСТЫҢ ЗИЯНЫ

Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күзгі демалыс уақытында Петропавлдағы №32 орта мектепте оқитын жоғары сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен кездесті. Полиция полковнигі Жанар Байғазина “тұз” және “спайс” деген атаумен белгілі препаттар туралы әңгімелеп, нашақорлық тауқіметіне тап болған отбасыларға ақыл-кеңес берді.

ЕРІККЕННІҢ ЕРМЕГІ

Кеше таңертең Петропавл қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне белгісіз біреу қоңырау шалып, Н. Назарбаев көшесі бойындағы 154-үйге бомба қойылғанын хабарлады.

ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

  Ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрі жо­ғары дамыған ел кез келген өркениетті мемлекеттен оқ бойы озық тұратыны шындық. Өйткені, мәдениет – қоғам дамуына, ұлттың рухани кемелденуіне ық­пал ететін маңызды сала. Ал рухани мере­йімізді қандырып, қазақы салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғыларымызды жаңғырта дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.