ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ФОРУМ
Петропавл қаласында жас кәсіпкерлерге арналған “Баста” форумы өтті. Оған өңір және облыс орталығында кәсіпкерлікпен енді айналыса бастаған жастар қатысты.
Петропавл қаласында жас кәсіпкерлерге арналған “Баста” форумы өтті. Оған өңір және облыс орталығында кәсіпкерлікпен енді айналыса бастаған жастар қатысты.
Өңірдің өсімдік пен мал шаруашылығы салаларында өткен он айда 4569 жұмыс орны ашылыпты. Әсіресе, Қызылжар, Шал ақын, Мағжан Жұмабаев, Аққайың аудандарының белсенділігі жоғары. Ал нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында үстіміздегі жылдың соңына дейін жоспарға сәйкес 1083 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.
“Бизнестің жол картасы-2020″ мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған екі жылдың ішінде өңірімізде төрт мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Ақжар, Жамбыл, Шал ақын аудандарындағы шағын және орта кәсіпкерлікте, шаруа қожалықтарында жұмыс орындары көбейгенімен, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев, Тимирязев, Ғабит Мүсірепов, Аққайың, Айыртау аудандарында және Петропавл қаласында бұл көрсеткіш анағұрлым төмендеген.
Өңіріміздегі елді мекендерде несиелендіру бойынша жұмыс тиісті деңгейде жүргізілмей отыр.
Жыл басынан бері өңірімізде 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылыпты. Десек те, Жамбыл, Айыртау аудандары мен Петропавл қаласында жаңа жұмыс орнын ашу тапсырмасы баяу орындалуда. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алмас Қошмановтың айтуына қарағанда, биыл нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 17447 адам қатысса, …
Облыстық әкімдіктің кезекті отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов еліміздің Ұлттық экономика министрілігі жауапты хатшысының бұйрығымен Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы қызметіне тағайындалған Абай Клименұлы Балабековті таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Өңіріміздегі жеке меншік күзет агенттіктерінің қызметкерлері жыл басынан бері өздері күзететін нысандарда 22 қылмыстың алдын алып, 240 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Тәртіп сақшылары олармен ынтымақтастыққа аса мән береді. Сондықтан 29 қазан күні күзетшілердің кәсіби мерекесіне орай полицейлер шағын футболдан турнир ұйымдастырып, оларға спорттық сыйлық жасады. Жарысқа қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосып жүрген 8 кәсіпорынның командасы …
«Өрлеу» біліктілікті арттыру институтында өлкетану пәні бойынша оқып жатқан мұғалімдер үшін алғаш рет облыстық полиция департаментіне экскурсия ұйымдастырылды. Мұғалімдер полиция ведомствосының мұрағатына, музейіне барды.
“Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде “Мұражайлар шеруі” республикалық акциясы өтті.
Құрметті солтүстікқазақстандықтар! “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 31 қазан күні шығыс, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына кей жерлерде 15-20, ал 1 қазанда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20, күндіз 23-28 метрге жетуі мүмкін екенін ескертеді. 31 қазан-1 қараша күндері облыс аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде.
Учаскелік инспекторлар Петропавл қалалық полиция басқармасы мен “Қазақтелеком” АҚ-ның бірлескен жобасын жүзеге асыруда. Жаңа жоба аясында қала тұрғындары өздерінің учаскелік инспекторларының ұялы нөмірлеріне үйдегі телефондарынан тегін хабарласа алады. Ол үшін тәртіп сақшысының телефон нөмірінің соңғы 6 санын білсе болғаны. Қазір “Учаске” жедел-алдын алу шарасы барысында полицейлер үй-үйді аралап, өздерінің телефондары жазылған парақшалар таратып жүр.
Петропавл қаласынан шыға берістегі, Борки, Новопавловка, Солнечный кенттерінде шыныдан жасалған аялдамалардағы олқылықтар, тұрмыстық қалдықтардың және қураған шөптердің үйінділері шағынаудандардың көркін бұзып тұр.
«Қыс-2019» және «Протон» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына дайындық аясында, азаматтық қорғаныс жүйесінің 2019-2020 жылдардағы қыс мезгіліндегі ықтимал төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қабілеттілігі мен деңгейін арттыру мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаментінде жұмыс кеңесі өткізілді.
Солтүстік Қазақстан облысында өрт жағдайы күрделі қалпында қалып отыр. Биылдыққа тіркелген 567 өрт барысында 33 адам қаза тауып, 24 адам жарақат алды. Тілсіз жаудың салдарынан 58 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Өрттің басым бөлігі жеке меншік тұрғын үй секторында орын алды.
Өңірімізде сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққандардың саны өткен жылмен салыстырғанда 27 пайызға артқан. Дертті ерте кезеңде анықтау үшін жуырда өңірімізде заманауи қондырғы сатып алынды. Бұл туралы аталмыш дертпен күрес айлығы аясында облыстық онкологиялық диспансерде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Ол күндегі әдеті бойынша жұмысқа ерте барды. Ақ халатын киіп, қағаздарын ретке келтірген соң терезенің алдына жақындап, көшедегі күйбІң тірлікке көз салды. Бірі қызметіне, енді бірі сәбиін жетелеп балабақша мен мектепке асыққан адамдар. Жандарын меңдеген дерттеріне дауа іздеп, аурухананы бетке алғандары қаншама? Оларға мейірім төгіп, науқастарынан айықтырғысы келеді. Төлен Сүйіндікованың әр жұмыс күні осындай көрініспен …
“Әсем қала, құтты мекен болыпты, Келбетіне қызығар…”.