«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 31.10.2019

БІЗГЕ ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІ ҚЫМБАТ

Бүгінде елімізде сот жүйесін жетілдіру мен жаңғырту бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты алғашқы Жолдауында: “Сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажет. Судьялардың заңды және ішкі сенімді басшылыққа алып, шешім шығару құқығы мызғымас сипатқа ие. Дегенмен, сот шешімдерін мұқият …

БІЗГЕ ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІ ҚЫМБАТ Read More »

ӘКЕ ӨНЕГЕСІ – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

Елім деп еміреніп, жерім деп тебіренген талай боздақ­тың өмірін қиған сұрапыл соғыстың тамы­рына балта шабыл­ғанына биыл 74 жыл толды. Өкінішке қарай, сол қанды майданда жау­ға қарсы шығып, шыбын жанын шүберекке түйген ата­ларымыз бен ағалары­мыздың қатары күн өткен сайын сиреп барады. Бейбіт елде өмір сүріп отырған өскелең ұрпақ ата-бабаларының бұл ерлігін ұмытпай, үлгі тұтуы тиіс. 

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

Облыстық мәслихаттағы “Nur Otan” партиясы депутаттық фракциясының отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов 2021-2025 жылдарға арналған облыс аумағын дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

НАМЫСЫМЫЗДЫ ҚАМШЫЛАР СӘТ

Ақындығы мен батырлығы алты алашқа мәшһүр Қожаберген жырау мен Сегіз серінің, жерлес жазушылар Ғабит Мүсірепов пен Сәбит Мұқановтың, Сафуан Шәймерденовтің алтын бесігі – Жамбыл ауданында ежелден сөз қадірін түсінетін азаматтар аз болмаған. Оның бір дәлелі, бұрындары облыстық “Soltústik Qazaqstan” газетіне жазылушылар саны 1500-ден асатын. Бірақ соңғы жылдары газет оқырмандары қатарының азайып кеткені біздің де жанымызға …

НАМЫСЫМЫЗДЫ ҚАМШЫЛАР СӘТ Read More »

ОБЛЫСТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыстық мәслихаттағы “Nur Otan” партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Облыс әкімі, “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының төрағасы Құмар Ақсақаловтың қатысуымен өткен жиында 2016-2020 жылдарға арналған облыс аумағын дамыту бағдарламасының жүзеге асырылу барысы айтылды. 

ҰСТАЗДАР – ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖОЛАШАРЫ

“Мамандықтың барлығы – адамнан, тек екі мамандық қана – Құдайдан: ол – бала оқыту және адамдарды емдеу” деген екен бір ғұлама. Бала оқыту мамандығын өмірлік жолы етіп таңдаған 84 ұстаздың басы бүгін “Өрлеу” білікті арттыру институты ұлттық орталығының облыстық филиалында өткен “Педагогикалық дуэт” байқауында тоғысты. Кәсіби шеберлік пен тиімді тәлімгерлікті паш етуді мақсат тұтқан жылсайынғы …

ҰСТАЗДАР – ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖОЛАШАРЫ Read More »

ӘР АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІШІ ЕСКЕРІЛЕДІ

Облыс әкімі, “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының төрағасы Құмар Ақсақалов Қызылжар ауданының орталығы – Бескөл ауылында азаматтарды қабылдады. 

ТЕКТІ ӘУЛЕТТІҢ ТҰЯҒЫ

Халқымыздың “Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер” деген қанатты тәмсілі Шерияздан Ғаббасұлының отбасына да қаратыла айтылғандай. Жастайынан тағдырдың сан түрлі сынағын өткерсе де, мойымаған ақсақал бүгінде бейнетінің зейнетін көріп, ұрпағының үлгі тұтар сүйенішіне айналып отыр. 

АҒЫП ТҮСКЕН БІР ЖҰЛДЫЗ

2000 жылы бокстан Сидней Олимпиадасының ақтық сынына төрт қазақ жігіті шықты. Гүрзі жұдырықтар гүрсілінен жер шайқалғандай сұрапыл айқаста екеуі жеңіс тұғырының ең биігіне көтерілді. 

ОЙНАП ЖҮРІП ОТ БАСҚАНДАР

Бүгін жұмыс кабинетіме күндегіден ертерек келдім. Есік алдындағы науқастарға арналған орындықта жалғыз отырған жас қыздың жанарынан мұң байқалды. Ол әңгіме барысында ойнап жүріп, от басқанын айтты. Ең сорақысы сол, сәбидің әкесі бұл “жағымсыз жаңалықты” естігеннен кейін ізім-қайым жоғалыпты. Тұрғылықты мекенжайын да ауыстырған көрінеді. Небәрі он алты жастағы қыз құрсағындағы үш айлық баласын хирургиялық әдіспен алтыртып …

ОЙНАП ЖҮРІП ОТ БАСҚАНДАР Read More »

МЕЙІРІМГЕ БӨЛЕНДІ

Петропавлдағы әлеуметтiк қызмет көрсету орталығының мамандары қарттар айлығы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізді. 

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ҰДАЙЫ НАЗАРДА

Қызметкерлердің денсаулығын сақтау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларға жан-жақты қолдау көрсету Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының басты міндеттерінің бірі саналады. 

ÁZİL ÁLEMİ

АБАЙДАН БАСТАЙМЫН Ұлы Отан соғысының 40 жылдығы қарсаңында, ақын Бақыткерей Ысқақовтан әріптесі Серікбай Оспанов Жеңіс туралы өлеңдер жинағын құрастырып беруін өтінеді. Ол ойланбастан: 

JARYSTAR KÚNDELIGI

Нұр-Сұлтан қаласында “Барыс” хоккейшілері құрлықаралық хоккей лигасының біріншілігі аясында Магнитогорскінің “Металлургын” қабылдады. Бұл ойында қарсыластар 1-2 есебімен басым түсті. “Барыс” бүгін өз алаңында Екатеринбургтің “Автомобилисін” қабылдайды. Елордалық хоккейшілер Шығыс конференциясында төртінші орында келеді.     

БОСТАНДЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ МҰҒАЛІМІ

Биылғы 2 қарашада КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының “Солтүстік Қазақстан облысы мектептерінің ұстаздарын ордендермен және медальдармен наградтау туралы” Жарлығының шыққанына 70 жыл толады. Ұзақ жылғы еңбек өтілі мен мінсіз қызметі үшін Ленин орденімен наградталғандардың ішінде қазіргі Мамлют ауданындағы (бұрынғы Приишим) Бостандық ауылының тумасы, бастауыш мектептің мұғалімі Ғали Мусин (тізімде бесінші) мен Бексейіт бастауыш мектебінің мұғалімі Ғабдолла …

БОСТАНДЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ МҰҒАЛІМІ Read More »

СОҢҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Футбол – миллиондар ойыны. Бұл – бұрынғы тәмсіл. Қазір әлемдегі нөмірі бірінші спорт саналатын футбол – миллиардтар ойынына айналғалы қашан. Ала доптың арбауына еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін түскені де мәлім. Бүгінде бәріміз футболды жақсы көріп, сүйіп тамашалағанымызбен, футболдағы өзгерістерге назар аудара бермейміз. 

ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛДІ

Мағжан Жұмабаев ауданында бөгет заңсыз салынып, бұл құрылыс жергілікті кәсіпкерге балық шаруашылығымен айналысуға кедергі келтірген. Облыстық кәсіпкерлер палатасының араласуының арқасында бұл мәселе оң шешілді.