ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЗАРДАП ШЕКТІ
Соңғы бір тәуліктің ішінде Петропавл қаласында екі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан жаяу жүргіншілер зардап шекті. Бейсенбі күні кешқұрым “ВАЗ” автокөлігінің жүргізушісі Пушкин және Қазақстан Коснтитуциясы көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілерге арналған өтпенің жанында 15 жасар жасөспірімді соғып кетті. Зардап шегуші дереу ауруханаға жеткізіліп, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, үйіне жіберілді.