«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 05.11.2019

СҰРМЕРГЕНДЕР САЙЫСЫ

Петропавл қаласында облыстық “Сұңқар” спартакиадасы аясында өңірдегі колледждер студенттері арасында дартстан біріншілік өтті. Оған барлығы 16 команда, 64 адам қатысты. 

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

  Петропавл қалалық полиция басқармасындағы ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері жасөспірімдердің қайыр тілеуінің алдын алу мақсатында кезекті рейд өткізді. Оған қалалық әкімдіктегі кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі комиссияның өкілдері, прокуратура органдарының қызметкерлері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен білім бөлімдерінің мамандары қатысты. 

ЖҮРГІЗУШІ МЕН ЖОЛАУШЫ МӘДЕНИЕТІ

Қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушылары арасында дау-дамай жиі туындайды. Осыған орай “Қызылжар – адалдық алаңы” жобалық кеңсесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық “Әдепті жүргізуші/әдепті жолаушы” акциясын қолға алды. Аталмыш шара “Автокөлік одағы” қоғамдық бірлестігі тарапынан да қолдау тапты.

АЛЫСТАН КЕЛГЕН АҒАЙЫНҒА – ЖАҢА БАСПАНА

Жап-жаңа есік-терезелері жалтыраған, жылу жүйелері тартылып, санитарлық тораптарға дейін салынған әдемі баспаналар Шал ақын ауданының орталығы – Сергеевка қаласының көшелеріне ерекше көрік беріп тұр. Бұл сәулетті баспаналардың бәрін салып жатқан шалақындық кәсіпкер – Темірзақ Битабар. Түркістан облысының Қазығұрт ауданынан қоныс аударған іскер азамат өз кәсібін ашып, биыл еуропалық стандартқа сай үй тұрғызуды қолға алған. Бүгінгі …

АЛЫСТАН КЕЛГЕН АҒАЙЫНҒА – ЖАҢА БАСПАНА Read More »

“ЖАС ЖҮРЕК ЖАЙЫП САУСАҒЫН”

Алдағы жылы данышпан ақын, ұлы ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аталып өтілмек. Осынау мерейлі шараға орай бүгіндері жер-жерлерде ақынның бай шығармашылық мұрасын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында түрлі рухани іс-шаралар өткізілуде. Петропавлдағы №25 жалпы білім беретін мектепте облыстық жастар мәслихаты мамандарының ұйымдастыруымен өткен Абай оқулары байқауы да осы мақсатты көздеді. 

ОЙЫНҒА ДА УАҚЫТ ТАБАДЫ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері арасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойынын ұйымдастырды. Ойын тақырыбы – мемлекеттік қызмет.

КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ СОТТАЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі медициналық колледж директоры М.Б. Ахметоваға қатысты пара берді деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. 

ҰЛТ САУЛЫҒЫ – ҚОҒАМ БАЙЛЫҒЫ

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау және фармацевтикалық бақылау департаменттерінің бірігуі нәтижесінде биыл тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті құрылды. Жаңа мемлекеттік мекеме – қоғамдық денсаулық сақтауды, тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығын қамтамасыз етуді, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз етеді. Өткен тоғыз айдың қорытындысы бойынша облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Эпидемияға қарсы …

ҰЛТ САУЛЫҒЫ – ҚОҒАМ БАЙЛЫҒЫ Read More »

ЕСКЕРТУ

    Құрметті солтүстікқазақстандықтар!   “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 6 қараша күні, түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін ескертеді. Ал 7 қараша күні желдін екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метрге жетуі ықтимал. 6-7 қараша күндері өңір аумағында кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман түсіп, көктайғақ болады …

ЕСКЕРТУ Read More »

ИНТЕРНЕТ ЖЫЛДАМДЫҒЫ АРТТЫ

Beeline ұсынған 5G интернеттің жылдамдығы секундына 3 Гбитке жетті. Рекордты көрсеткіш еліміздегі алғашқы бесінші буын желісін сынақтан өткізу кезінде орын алды. Сынақ Шымкент қаласында 2019 жылдың соңына дейін жалғасады. Сынақ нәтижесіне қарай ұялы байланыс операторы технологияға салынатын инвестиция, Қазақстандағы 5G желісінің келешегі туралы қорытынды жасап, 5G желісін жаппай енгізуге өз желісінің қаншалықты дайын екенін бағаламақ.

БЕДЕЛІ БИІК БАСЫЛЫМ

Жақсы менен жайсаңдар еңбек еткен қасиетті қарашаңырақ “Soltústіk Qazaqstan” газетінің өзіндік дара жолы бар. Басылымның қалыптасуынан бүгінгі күнге дейінгі ғасырлық тарихында талай қарымды, тәжірибелі журналистер қызмет атқарды. Аға буын өкілдері ретінде өткенді еске алатын әдетіміз бар ғой. Бұрын қиын кезең болғанда шамның көмегімен газет бетіне жарияланған түрлі шығармалармен танысып, әсіресе, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Мағжан …

БЕДЕЛІ БИІК БАСЫЛЫМ Read More »

ҚЫРАҒЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаево қаласында тұратын кәсіпкер Руслан Низамов Петропавл қаласында автокөлік ұрлаған адамды құрықтауға көмектесті. Атап айтқанда, 30 қараша күні таңертең ертемен 32 жастағы жігіт бірнеше жерден зақымданған және жол бойына қалай болса солай қойылған көлікті байқайды. Оған жақындап келсе, газды қайта-қайта басқан жүргізушінің жүзі таныс екен. Бірақ Руслан оның жеке автокөлігі жоқтығын …

ҚЫРАҒЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ Read More »

ЕҢБЕКПЕН ЕСЕЙГЕН

Адам еңбегімен ардақты. Елдің құрметіне бөленген осындай жанның бірі – Жанбатыр Сартаев. Табыс пен жетістікке тек ізденістің арқасында қол жеткізген азамат ар мен абыройды бәрінен биік қояды. Елінің ертеңі үшін тер төгіп, ғылымның дамуына өзінің үлесін қосты. Сол еңбегінің жемісін көріп келе жатқан Жанбатыр Нұртайлының сәулелі ғұмыры өзгелерге үлгі. 

ТАЯҚША ТАРИХЫ ТЕРЕҢДЕ

Облыстық полиция департаментінің мұражайында жол қозғалысын реттейтін таяқшалардың сан алуан түрін кездестіруге болады. Бұл келушілердің назарын аудартпай қоймайды. Ал облыстық мемлекеттік автоинспекцияға арналған стендтің сөресінде таяқшаның 4 түрі бар. Көзге қарапайым көрінгенімен, бұл кішкентай көмекшілердің тарихы тереңде. Таяқшаларды алғаш рет Санкт-Петербург полицейлері осыдан 102 жыл бұрын қолдана бастаған. Ол кездегі таяқшалар бүгінгілерден өзгешелеу болатын. Ұзындығы …

ТАЯҚША ТАРИХЫ ТЕРЕҢДЕ Read More »

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ ЖЕҢІЛДЕДІ

Соңғы жылдары елімізде жастарды жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлініп, бұл мәселенің түйінін тарқатудың түрлі тетіктері ойластырылуда. Соның ішінде “Жастар тәжірибесі” бағдарламасы жоға­ры оқу орны мен колледжді тамамдаған түлек­тер үшін зор мүмкіндік тудыруда. Оның аясында қыз-жігіттер өз мамандықтары бойынша жұ­мысқа орналасып, тәжірибе жинай алады. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда 42 түлек осы бағдарлама аясында тәжірибеден өтуде. Соның …

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ ЖЕҢІЛДЕДІ Read More »