«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.11.2019

ЖАДЫМДА ЖАҢҒЫРАДЫ ӨТКЕН ЖЫЛДАР

1966 жылы Алматыдағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, қызметке орналасуға “Soltústik Qazaqstan” (ол кезде “Ленин туы”) газетіне келдім. Мұнда бір-ақ кісіні танимын. Ол – Дүйсенбі Әуелбеков. Өйткені, ол 1954 жылы Жамбыл ауданындағы Баян орта мектебінде бізге 8-сыныпта қазақ әдебиетінен, ал зайыбы Халима орыс тілінен сабақ берген болатын. Бірақ бір оқу жылынан соң …

ЖАДЫМДА ЖАҢҒЫРАДЫ ӨТКЕН ЖЫЛДАР Read More »

ESKERTÝ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!   “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 7 қараша күні өңір аумағында соққан желдің екпіні секундына 28 метрге жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күні көктайғақ болады деп күтілуде. 

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Өңірімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған әлеуметтік қызметтер порталы жұмыс істейтін болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте айтылды.

ОТАНДЫ СҮЮ – ИМАННАН

Облыстық “Қызылжар” орталық мешітінде “Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі” тақырыбында “дөңгелек үстел” отырысы өтті.

«ҚЫС – 2019» ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫНЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ

  «Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы барысында облыстың елді-мекендерінде аудандарда шұғыл әрекет ететін жасақтар құрылып, арнайы техниканың мүмкіндіктері тексерілді, жеке құрамның өз міндеттерін қаншалықты білетініне назар аударылды.

ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Үстіміздегі жылы Петропавл қаласындағы бірқатар спорттық нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” бағдарламасы аясында ел бюджетінен 91 млн. теңге бөлінген болатын. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов бұл нысандарда болып, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

БІР САТЫҒА КӨТЕРІЛДІ

Дүниежүзілік таэквондо федерациясы Олимпиадалық рейтингті жаңартты. Нәтижесінде қазақстандық таэквондошы Смайыл Дүйсебай бір сатыға көтерілді. 80 килограм салмақта сынға түсетін отандасымыз 8-орынға көтерілді. Оның еншісінде 231 ұпай бар.

ҚОРЖЫНДА – 134 МЕДАЛЬ!

Румынияның Констанца қаласында армрестлингтен әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған 146 спортшы 134 медаль жеңіп алды. Жарыстың алғашқы күні жастар мен жасөспірімдер арасында ел құрамасы 32 алтын, 22 күміс, 19 қола жүлде иеленді. Жалпыкомандалық есепте Ресей мен Грузияны артқа тастап бірінші орынға шықты.

БЕЛЬГИЯ СОТЫ ВИНОКУРОВТЫ АҚТАДЫ

Бельгия соты сыбайлас жемқорлық ісі бойынша айыпталған танымал қазақстандық велошабандоз әрі “Astana” велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровты ақтады. 

“Е-GOV” ПОРТАЛЫМЕН БІРІКТІРІЛМЕГЕН

Алдағы уақытта мемлекеттік қызметтің 80 пайыздан астамын Telegram-bot қызметі, “mgov” мобильді үкіметі, “Үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу қызметі” қосымшасы, қоғамға қолжетімді қосындар мен өзіне-өзі қызмет көрсету орындары арқылы электронды нысанда көрсету көзделіп отыр. Десек те, денсаулық сақтау, білім, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сәулет, жер қатынастары, әлеуметтік қорғау мен жұмыспен қамту салаларындағы ақпараттық жүйелер бір-бірімен түгілі, “е-gov” порталымен …

“Е-GOV” ПОРТАЛЫМЕН БІРІКТІРІЛМЕГЕН Read More »

КАДРЛАР ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ САҚТАЛУДА

Тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін цифрлық технологиялардың кеңінен қолданылып жатқаны белгілі. Әсіресе, кадрлар ісін жүргізуде “Е-ҚЫЗМЕТ” интеграцияланған ақпараттық жүйесіне басымдық беріліп отыр. 

ЗАҢСЫЗДЫҚТАР ЖОЙЫЛДЫ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің басшысы Елена Степаненко “Бақылау – мемлекеттік қызметті көрсету сапасын жақсартудың ең тиімді құралы”, – деді. 

ЫМ ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕ

Өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің өткен 9 айда атқарған жұмысы сараланды. 

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ОНЛАЙН-КИНОТЕАТР

  Beeline Қазақстан қазақ тіліндегі алғашқы онлайн-кинотеатрға жазылу мүмкіндігін ашты. Рейтингі жоғары «QAZAQSHA» жазылымына көрермен BeeTV мобильді қомсымшасында қазірден бастап жазыла алады.

“ҚЫС” ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ

Петропавл қаласында “Қыс” республикалық штабтық оқу-жаттығуы басталды. Оның барысында әрбір қызметкердің төтенше жағдайларға әрекет етуге дайындығы, оларды алдын алу кезінде өз міндеттерін білуі тексерілді. Сонымен қатар облыс орталығының жиырмадан астам ұйымдары мен кәсіпорындарының жанынан құрылған бөлімшелердің даярлық деңгейі, төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккен адамдарды құтқару жұмыстарының барысында оларға дер кезінде көмек көрсетуге арналған арнайы техниканың, …

“ҚЫС” ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ Read More »

АДАЛДЫҚ – БАСТЫ ТАЛАП

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының негізгі бағыттарының бірі тұрғындардың әлеуетін көтеру екенін атап өтті. Бұл – заманауи мемлекеттік аппараттың арқасында жүзеге асатын міндет. Елімізде қолға алынған реформаларды сапалы жүзеге асыру мемлекеттік қызметшілердің біліктілігіне тікелей байланысты. Бүгінгі таңда республикада мемлекеттік қызметке лайықтыларды іріктеп алу жүйесі қалыптасты. 

АУЫЛДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ

Жап-жаңа есік-терезелері жалтыраған, жылу жүйелері тартылып, санитарлық тораптарға дейін салынған әдемі баспаналар Шал ақын ауданының орталығы – Сергеевка қаласының көшелеріне ерекше көрік беріп тұр. Бұл сәулетті баспаналардың бәрін салып жатқан шалақындық кәсіпкер – Темірзақ Битабар. Түркістан облысының Қазығұрт ауданынан қоныс аударған іскер азамат өз кәсібін ашып, биыл еуропалық стандартқа сай үй тұрғызуды қолға алған. Бүгінгі …

АУЫЛДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ Read More »

АУДАН ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІ ЖӨНДЕЛЕДІ

Қыруар қаржы бөлінген жолдарды сапалы жөндеумен қоса, оларды күту де маңызды жұмыстың бірі. Осыған дейін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Балахонцев жуырда ғана жөнделген жолдарды жүк көліктері бұзып жатқанын талай мәрте айтқан болатын. Алайда, сол жүк көліктерінің жүруіне шектеу салатын жол белгілерін қоюда жауапты басқарманың өзі сылбырлық танытып отыр. Егер облыс …

АУДАН ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІ ЖӨНДЕЛЕДІ Read More »

ӘР ҮЙГЕ СУ ТАРТЫЛАДЫ

“Нұрлы жол” бағдарламасы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту да қарастырылған. Осының арқасында сумен қамту және су тарату нысандарын салу мен қалпына келтіру бойынша 14 жоба жүзеге асырылды. Тоқсан ауыл сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, алдағы уақытта тіршілік көзін әр үйге енгізу көзделіп отыр. Кешенді жұмыстардың арқасында Петропавл қаласында сумен, жылумен қамту, су тарату, желілерінің …

ӘР ҮЙГЕ СУ ТАРТЫЛАДЫ Read More »