«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 07.11.2019

БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДАҒЫ ЖАРАСЫМДЫ ІСТЕР

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де “Ұлы даланың жеті қыры – болашаққа бағдар” тақырыбында өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған білім ордасының оқытушылары мен студенттері, тарихшылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

ПОЛИЦИЯНЫҢ ЖАҢА СТАНДАРТЫ ЖАСАЛУДА

Ұжымдағы түрлі түйткілдерді шешу, полицейдің жаңа келбетін қалыптастыру – ішкі істер органдары қызметкерлерінің Ұлттық ұлан Әскери институтында өткен оқу-әдістемелік жиынында осы және басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Жиынға облыстық полиция департаменті, қылмыстық-атқару жүйесі, төтенше жағдайлар, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бөлім басшылары мен олардың орынбасарлары, батальондар және взвод командирлері қатысты.

СМАҒҰЛ СӘДУАҚАСОВ — ҚЫЗЫЛЖАРДА

Елбасының “Архив – 2025” мемлекеттік бағдарламасы және мұрағаттардың құпияларын жариялау өлке тарихының бұған дейін белгісіз болып келген парақтарын ашуға мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, қазақтың ардақты азаматтарының бірі Смағұл Сәдуақасовтың 1927 жылы бұрынғы Ақмола губерниясының сол кездегі әкімшілік және мәдени орталығы – Петропавл қаласында тұрғаны белгілі болды. Бұл жыл солтүстік өңір үшін тағдыршешті кезең еді: келесі …

СМАҒҰЛ СӘДУАҚАСОВ — ҚЫЗЫЛЖАРДА Read More »

БҮГІНГІ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Кеше Мамлют ауданына қарасты Воскресеновка орта мектебінің мәжіліс залында Воробьевтер отбасына құрмет көрсетілді. Олар бұрнағы күні кешкісін Домашнее көлінде суға кете жаздаған Леонид және Евгений есімді екі баланы құтқарғанын бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз (https://soltustikkaz.kz/index.php/ja-alyqtar/8960-b-gingi-k-nni-batyrlary).

“VIZAVI COMPANY” ТОП ЖАРДЫ

Петропавлдық “ViZaVi Company” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Алматы қаласында өткен «FoodExpo Qazaqstan – 2019» көрмесінде үздіктер қатарынан көрінді. «Атакент» кешенінде ұйымдастырылған халықаралық көрме Орта Азиядағы тамақ өнеркәсібіне арналды. Бұдан бөлек, әр түрлі салаға арналған тағы бес көрме өткен болатын. Бұл көрмелерде әлемнің 31 елінен 360 өнеркәсіптік компания өз өнімдерін ұсынды.

ҚАСКӨЙЛЕР ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Қызылжар ауданындағы Тепличное ауылында әбден құныққан пәтер ұрылары бір ай бойы заңсыз әрекеттерінен пайда көріп келген. Олар жеті үйді тонап, сантехника, құрылыс материалдарын, құрал-жабдықтарын қолды еткен.

УАҚЫТ КӨШІНЕ ІЛЕСУ ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫНА МІНДЕТ

Өз ана тілінде еркін сөйлеп, сауатты жаза алатын және терең меңгергендер ғана халықтың рухани болмысын ғасырдан-ғасырға сақтап, тіл жанашыры ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе алады. Осындай салиқалы ұрпақ тәрбиесі алдымен отбасында беріліп, кейіннен білім беру мекемелерінде жалғасын табады. Оған балабақшадағы тәрбиешіден бастап, мектеп, орта, жоғары оқу орындағы ұстаздар барынша атсалысуға міндетті. 

КІШКЕНЕКӨЛДЕГІ ЖАҢА БЕКЕТ

  Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында орналасқан № 17 өрт сөндіру бөлімінде газ-түтіннен қорғау қызметінің бекеті ашылды.

10 СЕКУНДТА – ҚЫЗЫЛ ҚАҒАЗ

Қытайдың футболдан Бірінші лигада өткен ойынында ерекше оқиға тіркелді. Кезекті турда жергілікті “Нантонг” және “Циндао” командалары кездескен болатын. 

ӨМІРІ ҮЗІЛДІ

Екінші орта салмақтағы “WBO Latino” тұжырымы бойынша чемпиондық белбеудің иесі Леонардо Хавьер Гонсалес жол-көлік оқиғасынан қаза тапты. 

ESKERTÝ!

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 8 қараша күні өңір аумағында батыстан соққан желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күні көктайғақ болады деп күтілуде.

АЯҒЫ СЫНДЫ

Чемпиондар лигасы аясында өткен ойында “Эвертон” футболшысы Андре Гомеш ауыр жарақат алды. 

ӘРІПТЕСКЕ АРНАЛҒАН ДӘСТҮРЛІ ДОДА

Грек-рим күресінен облыстық біріншіліктердің бірнеше мәрте жүлдегері Көшер Түренов бар білгенін балғындарға үйретуге ұмтылған жас бапкер еді. Алайда, оған соңынан ерген жеткіншектердің жеңісін көру бақыты бұйырмады. Тағдырдың жазуымен дәм-тұзы ерте таусылған әріптесін еске алу мақсатында облыс орталығындағы қазақ мектеп-гимназиясының ұжымы волейболдан қалалық турнир ұйымдастырды. 

ЗАҒИП ЖАНДАРДЫҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

Құсайыновтар отбасы Қызылжарға Ресей­дің Омбы облысынан 1963 жылы қоныс ау­дар­ған. Бұғанасы қатпаған Құрманғали ең­бек­ке ерте араласты. Сол бір шақтың ауыр ке­зеңдерін ол әлі күнге дейін ұмыта қойған жоқ. Әлбетте, ұмыту мүмкін емес. Көзі ті­рі­сінде ұл-қызын ағайындарына аманат еткен әкелері келместің кемесіне мініп, қайтпас са­парға аттанған соң қаршадай балалардың мой­нына отбасын асырау міндеті жүктелді. Анасына сүйеу …

ЗАҒИП ЖАНДАРДЫҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ? Read More »

“АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА!”

“Абай – біздің ұлттық ұранымыз болуы керек. Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз”, – деп Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, бас ақынымыздың мұрасын сақтап, оны насихаттау – азаматтық парызымыз. 

“КАНЕЛОНЫҢ” КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАСЫ КІМ?

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы “MGM Grand” кешенінде өткен бокс кешінде Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) пен Сергей Ковалев (34-4-1, 29 КО) кездесіп, қолғап түйістірген болатын. 

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ ЖЕҢІЛДЕДІ

Соңғы жылдары елімізде жастарды жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлініп, бұл мәселенің түйінін тарқатудың түрлі тетіктері ойластырылуда. Соның ішінде “Жастар тәжірибесі” бағдарламасы жоғары оқу орны мен колледжді тамамдаған түлектер үшін зор мүмкіндік тудыруда. Оның аясында қыз-жігіттер өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасып, тәжірибе жинай алады. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда 42 түлек осы бағдарлама аясында тәжірибеден өтуде. Соның …

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ ЖЕҢІЛДЕДІ Read More »

ІЗДЕНГЕННІҢ ІСІ ӨНІК

Жуырда өңірімізге Ресейден жоғары білікті механик-жөндеуші Алексей Варочкин келген болатын. Маман облыс орталы­ғындағы “MATEX” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшыларымен кездесіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Осыдан бір жыл бұрын құрыл­ған “MATEX” ЖШС-і – өңірімізде шұлық өндірісін қолға алған тұң­ғыш фабрика. Серіктестік дирек­торы Арамаис Тер-Аствацатурян­ның айтуынша, қиындықтарды ең­сере білген зауыт жақында өнді­рістік сертификатқа қол жеткізген. Бұл құжат фабрика басшылығына …

ІЗДЕНГЕННІҢ ІСІ ӨНІК Read More »

УАҚЫТ КӨШІНЕ ІЛЕСУ

Өз ана тілінде еркін сөйлеп, сауатты жаза алатын және терең меңгергендер ғана халықтың рухани болмысын ғасырдан-ғасырға сақтап, тіл жанашыры ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе алады. Осындай салиқалы ұрпақ тәрбиесі алдымен отбасында беріліп, кейіннен білім беру мекемелерінде жалғасын табады. Оған балабақшадағы тәрбиешіден бастап, мектеп, орта, жоғары оқу орнындағы ұстаздар барынша атсалысуға міндетті.