«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қараша 21, 2019

АУЫР АТЛЕТТЕР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында ауыр атлетикадан халықаралық турнир өтті. Жарыста әлемнің бірнеше елінен келген 200-ге жуық спортшы бақ сынасты. 

САҒЫМ ДӘУРЕН

Облысымызда “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлерге сұраныс жоғары болғанымен, құрылыстың қарқыны төмен. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің ішінде тұз бағасы қымбаттаған. Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдіктің кезекті отырысында аталған мәселелер көтерілді. 

ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжде “Жеке тұлғалық өсу. кәсіпкерлік қызметтің негіздері. Ашық презентация” атты семинар-тренинг өткізді. Осы шараға облыс орталығындағы колледж бен университет студенттері қатысты. 

БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН

Жәлел Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруашылығы колледжінде болашақ ветеринарлық санитарларға арналған арнайы оқу дәрістері өтуде. Оған барлығы 60-тан астам маман қатысуда. 

БАСПАНА – БАСТЫ МӘСЕЛЕ

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында облыс пен қала басшылығы, басқарма жетекшілерінің қатысуымен “Азаматтарды бірыңғай қабылдау” күні өтті. 

АҚҚУ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Мағжан Жұмабаев ауданындағы төтенше жағдайлар бөліміне Чистовское ауылдық округінің әкімінен Тыщенка ауылында орналасқан Қонысбай көліндегі мұз құрсауында қалып қойып, ұша алмаған аққу туралы хабар түсті. Әкім, бөлімнің қызметкерлері мен Булаев орман шаруашылығы мамандарының бірлесе әрекет етуінің нәтижесінде аққу құтқарылды. 

ЗИЯТКЕРЛІК ДОДА

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” акционерлік қоғамы облыстық филиалының мұрындық болуымен Петропавл қаласында осы мекеме және екінші деңгейдегі банктер арасында “Brain Game” зияткерлік ойыны өтті. Бұл шара мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыс істейтін тоғыз команданың басын біріктірді. 

ӘЗІЛ ӘЛЕМІ

“Тыныш отырыңдар…” Жаздың бір аптап ыстық күнінде Зия ағай өзінің “Пиражковоз” аталып кеткен “Москвичімен” егіс алқабын аралап келе жатады. Ауылға 3-4 шақырым қалғанда жол жиегінен жидек теріп, әбден шаршап, шөлдеген ауыл балаларын көреді. Оларды көлігінің будкасына отырғызады.

ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСУ

Достық үйінде “Түрік мәдениеті” қоғамдық бірлестігі облыс орталығындағы жастар ұйымдарымен кездесу өткізді. Оған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Мұратбек Зейнуллин, этномәдени орталықтардың және осы ұйымдардың өкілдері қатысты. 

РУХАНИ ӨМІРДІҢ ӨЗЕГІ

Дін адамзаттың рухани мәдениетінің маңызды бөлшегінің біріне айналды. Дін арқылы адамдар арасындағы рухани байланыстан, ұлтаралық келісім мен қоғамның беріктігі, адами құндылықты, салт-дәстүрді сақтаудың ең жақсы мүмкіндігін көре білуіміз қажет. Ұлттық мәселелердің дұрыс шешілуі Қазақстанның халықаралық қауымдастықта лайық орынға ие болуына, әлемдік өркениеттің көкжиектерінен орын алуға мүмкіндік береді. Діндердің өзгертуге болмайтын өзіндік ілімдері мен дәстүрлері бар, …

РУХАНИ ӨМІРДІҢ ӨЗЕГІ Read More »

ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛ

Ақжар ауданының Талшық ауы­лындағы “Талшық Астық LTD” жа­уапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарақшылық шабуыл жасағандар іздестірілуде.

ҚОРЫҚШЫНЫ ТОНАҒАН

Есіл аң шаруашылығының қорықшылары рейд барысында Алуа көлінің маңында үш адамның “Lexus” автомашинасының жүк салғышына сібір елігінің етін тиеп жатқанын байқаған. Тексеру кезінде қорықшылардың бірі бейнетүсірілім жасау үшін ұялы телефонды пайдаланған. Алайда, браконьерлер күш көрсетіп оның телефонын тартып алған. Кейін олар аң етін тастай салып, оқиға орнынан жасырынуға тырысқан. Алайда, қорықшылар ізіне түсіп, полиция шақырған.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ “ЖҰЛДЫЗЫНА” АЙНАЛҒАН

Өткен аптада Қызылжар ауданындағы Якорь ауылдық округінің әкімі Қайырболат Чехмановтың мас күйде қызметтік көлікті басқарғаны түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқылан­ған болатын. Ол рөлге ие бола алмай қалып, ауылдағы үйлердің бірінің қорша­уына соғылған. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің мамандары мәселенің мән-жайын анықтауда.

ТӘУЛІК БОЙҒЫ КӨМЕК

Облыс орталығындағы Астана көшесі, 39 мекенжайында­ғы бесқабатты тұрғын үйде өрт шыққан. Сол кезде “Апаттар медицинасы орталығы” облыстық филиалының мамандары дер кезінде жетіп, үйдің ішіндегі ер адамды қызыл жалыннан құтқарып қалды.

“САҒЫМ ДӘУРЕН”

Ақын, жазушы-публицист, рәмізтанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері марқұм Ербол Шаймерденұлының “Сағым дәурен” атты өлеңдер жинағы жарық көрді.

DARA TULǴA

Aqjar aýdanyndaǵy Maı orta mektebinde qazaqtyń uly aqyny Abaı Qunanbaevtyń 175 jyldyq mereıtoıyna oraı “Abaı – dara tulǵa” taqyrybynda kitaphanashylar semınary ótti.

ЕРСІН — ЖАПОНИЯ ЧЕМПИОНЫ

Қазақ сумошысы Ерсін Балта­ғұл сумодан жастар арасындағы Жапония чемпионатында жеңіске жетті. Бұл туралы “Қазақстан ба­ры­сы” даму қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Арман Шораев “Instagram” желісіндегі парақшасында жазды.

JAŃALYQTAR

Олимпиадаға үш жолдама Велоспорттан Қазақстан командасы 2020 жылғы Олимпиада ойындарына үш жолдама жеңіп алды. Әлемдік рейтинг қорытындысы бойынша Қазақстанға үш квота тиесілі. Рейтингте қазақстандық спортшылар 3259,35 ұпаймен 19-шы орынға тұрақтаған. Олимпиадаға іріктеу ережесі бойынша бұл нәтиже арқылы төртжылдықтың додасына үш спортшыны жіберуге мүмкіндік бар. Біздің команда топтық сынға соңғы рет 2004 жылы қатысқан. ДЭВИС КУБОГЫ …

JAŃALYQTAR Read More »

РЕЙТИНГТЕ ЖОҒАРЫЛАДЫ

Қазақстандық боксшылар “WBO” тұжырымының жаңартылған рейтингісінде жоғары көтерілді. Орта салмақтағы “WBO International” белбеуінің иегері Қанат Ислам үш сатыға көтеріліп, бесінші орынға жайғасты. Ал Жәнібек Әлімханұлы 7 сатыға көтеріліп, 6-шы орынға тұрақтады. Үздік үштікке америкалық Дэниэл Джейкобс, поляк Камил Шеремета және украиналық Сергей Деревянченко кірді.

БЕЛДІ ҰЙЫМНЫҢ МҮШЕСІ

Монакода өткен халықаралық жеңіл атлетика федерациясының (IAAF) отырысында қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова ұйымның комиссия мүшесі болып сайланды.