«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЗАТТЫҚТЫҢ АРҚАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақ елі өз тарихында небір қиын кезеңдерді бастан кешіп, бүгінде қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған күнге жетті. Азаттықтың арқасында өзге елдермен терезе теңестіріп, біз бақытты өмір сүрудеміз. 

Тәуелсіздіктің арқасында дініміз де, салт-дәстүріміз де, ұлттық мәдениетіміз де қайта жаңғырды. Ал тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған татулық пен тұрақтылықтың арқасында еліміздің әлеуеті артып, қазақ елін бүкіл әлем таныды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары экономиканы көтеру, халықтың әл-ауқатын жақсарту оңайға соққан жоқ. Мәселен, мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын өсіру, жабылып қалған мәдени нысандарды қайта қалпына келтіру үшін қыруар күш қажет болды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі мен сарабдал саясатының арқасында бұл қиындықты да еңсердік. Тұңғыш Президентіміз әрдайым мемлекеттің жағдайын жақсартуды басты мақсат етті де, күні бүгінге дейін осы бағытынан айныған жоқ. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та халықтың игілігіне бағытталған бастамаларды көтеруде. Келесі жылдан бастап мәдениет саласы қызметкерлері жалақысының өсуі де соның бір айғағы емес пе?! Жылдан-жылға Мәдениет үйлері мен клубтар қатары көбейіп, өнерпаздарымызға әлемдік деңгейде танылуға мүмкіндік жасалуда.

Біз осындай тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымызды зор мақтанышпен айтып, елдегі татулық пен бірлікті бақытымыз бен байлығымыз деп білгеніміз жөн.

Жеңіс КЕМЕЛОВ,
Есіл аудандық мәдениет,
архивтер және құжаттама
бөлімінің басшысы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp