«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘРКІМНІҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Коммунхоз Петропавл”, “Молсервис”, “Коммун Север”, “Чистый Петропавловск”, “СК Спецавтотранспорт”, “Дорожник” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау және шығару жария шартына сәйкес Петропавл қаласы әкімдігі және тұрғын үй иелері бірлесіп қабылдаған өзара міндеттемелер негізінде қызмет көрсетеді. 

Тұтынушының мынадай құқықтары бар:

– бекітілген кестеге сәйкес ҚТҚ-ны уақытында жинау және шығару;
– тарифтер мен бағалардың дұрыс қолданылуы туралы ақпарат алу;
– қызмет көрсетушінің шартта белгіленген мерзімде қызмет көрсетудегі анықталған кемшіліктерді жоюға;
– Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оның құқықтары бұзылған жағдайда сотқа жүгінуге.
Тұтынушының міндеттері мынадай:
 – уақытында, толық көлемде және осы шартта белгіленген мерзімде ҚТҚ-ны жинау үшін ақша төлеу;
– сұйық қалдықтарды төгуге, құрылыс қоқыстарын, топырақты, ірі көлемді қоқыстарды (үй тұрмысына қажетті заттардан басқа), металл сынықтарын, ағаш үгінділерін, жапырақтарды, бұтақтарды белгіленбеген жерлерде тастауға жол бермеу;
– құрылыс қоқысы, топырақ, ірі көлемді қоқыс, металл сынықтары, ағаш кесу, жапырақтар, бұтақтар, қазандықтардан шлак, пештен түсетін күлді қоқыс жәшіктерінің қасына бөлек жинау;
– белгіленбеген орындарда ҚТҚ-ны және өзге де қоқыстарды жинауға жол бермеу;
– тұрмыстық қалдықтарды шығару әдісі кезінде ҚТҚ ыдыстарын шығару мерзімін кестеге сәйкес қою;
– қоқыс жинағыштарға және контейнерлік алаңдардың қоршауларына олардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ұқыпты қарау;
– тұратын тұрғын үй-жайдан шыққанға дейін жылжымайтын мүлікпен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасаған жағдайда қызмет берушімен толық есеп айырысуды жүргізу немесе егер жаңа иеленушіге (жалдаушының) тұтынушылық қызметтердің бар екендігі туралы ескерту;
 Қызмет беруші міндетті:
– СЭС-пен келісілген кесте бойынша ҚТҚ-дан жоспарлы-тұрақты тазартуды жүзеге асыру;
Тұтынушы көрсетілген қызметтер үшін төлемдерді әр үйге және көпқабатты үйлердің пәтерлеріне үй-жайда (пәтерде) нақты тұратындар санынан, айына бір адамға ҚТҚ шығару үшін төлем мөлшеріне сәйкес жүргізеді. ҚТҚ жинау және әкету қызметтерінің тарифтері Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілермен, сондай-ақ, Петропавл қалалық мәслихатының шешімімен белгіленеді және өзгертіледі.
ҚТҚ жинау және шығару төлемі тарифке сәйкес ай сайын жүргізіледі. Жеке тұлғалар үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару тарифі: абаттандырылған сектор үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару тарифі: абаттандырылған сектор үшін айына бір адамнан 220 теңге, абаттандырылмаған сектор үшін айына бір адамнан 234 теңге.
Заңды тұлғалар үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және шығару тарифі 1 текше метрден 2530 теңгені құрайды.

 

Петропавл қалалық тұрғын
үй-коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар
көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp